["“Сен менімен бірге жүруге әсте шыдая алмайсың демедім бі?”, - деді.","“Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді. ","Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі, ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп; оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді. ","“Міне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді. ","“Кеме теңізде кәсіп істеген кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйкені, ар жақтарында, әр (мықты) кемені тартып алатын патша бар еді”","“Ал баланың мүмін әке-шешесі бар еді. Оның, әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа зорлауынан қорықтық” ","“Раббылары, оның орнына өздеріне одан тағы таза, тағы мәрхаметті бір бала беруін қаладық” ","“Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің” ","(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (Бұл Зұлқарнайын “екі мүйізді” деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты, Ескендер, пайғамбар емес. Батыс, шығысты кезген; Рұм, фарсы делінген т.б. рауаяттар бар. Ж.Б.М.К.Р.) ","Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне әр істе қолайлық бердік. ","О да бір шара қолданды. ","Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік. ","Оларға: “Енді кім зұлымдық қылса, оны жазаландырамыз. Сосын Раббына айдалып, Рабы оған қатты жаза береді” деді. ","“Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған жақсы сыйлық бар. Сондай-ақ жеңіл іс бұйырамыз” ","Бұдан кейін (шығысқа қарай) шара қолданды. ","Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдің үстінде туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (Баспаналары, киімдері жоқ еді.) ","Осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз.","Содан кейін тағы да бір шара қолданды. ","Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты. ","Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді. (Бұл; Азербайжан таулары. Яжұж, Мажұж; Япас ұрпағынан болған бір бұзақы ел. Ж.Б.Р.К.М.Х.)","Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді.","“Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді.","Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады… ","(Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді. ","Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да Сұр үріліп, оларды тұтас жинаймыз. ","Ол күні тозақты кәпірлерге ақын көрсетеміз. ","Олар насихатымнан көздері перделі және құлақтары ести алмайтындар.","Кәпірлер, Мені қойып құлдарымды ие етуді ойлай ма? Расында тозақты, кәпірлерге қонақ үй етіп, әзірледік. ","(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге қылығы бойынша зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?”, - де. ","Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды. ","Міне олар, Раббыларының аяттарына әрі Раббыларына жолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға қиямет күні еш мән бермейміз.","Олар қарсы келіп, аяттарымызды, елшілерімізді тәлкекке алғандықтары себепті жазалары тозақ. ","Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты, қонақ үй болады.","Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды.","(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббымның сөздері (жазылу) үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді” де. ","“Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін” де. ","Кәф. Һә. Йа. Аин. Сад. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкеря (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі. ","Ал бір заманда ол, Раббына қүпия дауыспен жалбарынған еді.","\"Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді\" деді. ","\"Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр.!\"","\"Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!\" ","(Алла): \"Әй Зәкеря! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхя. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.\" ","(Зәкеря): \"Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым\" деді. ","\"Міне солайша\" деді. Бірақ Раббың: \"Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің\" деді. ","\"Раббым маған бір белгі бер\" деді. (Алла): \"Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың\" деді. ","Сонда (Зәкеря) михраптан шығып, қауымына: \"Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер\" деп нұсқады. ","\"Әй Яхя! Кітапты мықты үста\" деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік.","Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, кінәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.","Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді. ","Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәрямды айтып бер. Сол уақытта ол, түрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. ","Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рүхымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді.","(Мәрям): \"Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын\" деді.","(Рүх): \"Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін\" деді. ","Мәрям: \"Маған бір адам жүғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам\" деді. ","(Жебірейіл Ғ.С.): \"Ол, солайша\" деді. Өйткені, Раббың: \"Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді\" деді. ","Мәрям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.","Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: \"Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді\" деді. ","(Періште) оның астынғы жағынан: \"Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты\" деп дабыстады. ","\"Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі\" (деген үн келді.) ","Ал енді же де іш. Көз айым бол.! Егер адамдардан біреу көрсең: \"Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін\" де. ","Сонда баланы кетеріп еліне келді. Олар: \"Әй Мәрям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің\" деді. ","\"Әй һарұнның қарындасы! (Сонымен рулас қыз.) Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді.\" ","Мәрям баланы көрсетті. Олар: \"Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?\",- деді.","(Бала): \"Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар кылды\" деді.","\"Сондай-ақ мені кайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды.\" ","\"(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады.\"","\"Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады.\" ","Міне осы: Олар шүбәланған Мәрям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағы Алланың хақ сөзі.","Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған \"бол\" дейді. Сонда ол, бола қалады.","\"Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы.\" ","Алайда, (Яһуди, Христиан) топтары өзара таласты. Қарсы болғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш.","Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда. ","(Мұхаммед Ғ.С.) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт. ","Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады.","(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.) ды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді. ","Сол уақытта әкесіне: \"Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?\",- деді.","\"Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын.\" ","\"Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аллаға қарсы болған.\"","Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын. ","Әкесі: \"Әй Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол\" деді.","(Ыбырайым Ғ.С.): \"Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді\" деді.","Мен сендерден де Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнан үміткермін.\" ","(Ыбырайым Ғ.С.) олардан; олардың Алладан өзге табынғандарынан да ажыраған кезде, оған Ысхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық. ","Оларға рахметімізден бағыш етіп, оларды әр тілде жоғары бағалаттық. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Рас ол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді. ","Оған Тұр тауының оң жағынан дабыстап, сөйлесу үшін өзімізге жақындаттық. ","Әрі мәрхаметімізбен туысы Һарұнды, өзіне пайғамбар етіп бердік. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Ысмайыл (Ғ.С.) ды есіңе ал. Шынында ол, уәдесіне берік әрі жіберілген бір пайғамбар еді.","Үй-ішіне, намазбен зекетті орындауды бұйыратын еді. Сондай-ақ Раббының қасында сүйікті еді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыдырыс (Ғ.С.) ды ескер. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді.","Оны жоғары орынға көтердік. (Пайғамбарлық дәрежесіне, Аллаға жақындауға, жаннатқа және көкке шығаруға. Ж.Б.Р.К.Х.)","Міне бұлар, Алла, өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар. Адам (Ғ.С.) ның және Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынан әрі Ыбырайым (Ғ.С.) және Исраилдың, ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдаған кісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте, жылаған бойда сәждеге жығылады (Сәжде аяты) ","Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады. ","Бірақ кім тәубе қылып, ииан келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді.","Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен (Ғадын) жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады. ","Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар. ","Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы. (Бір уақ Жебірейіл Ғ.С. кешіккендіктен Мұхаммед Ғ.С. алаң болады. Ж.Б.М.Р.К.","(Жебрейіл Ғ.С.): \"Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды.","Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма? (Бұдан басқа Алла бар ма?)","Адам баласы: \"Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?\",-дейді.","Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда, дәнеңе емес екенін ойламай ма?","Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинаймыз. Сонан соң тозақтың айналасына тізерлетіп, оларды әзірлейміз.","Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсы келгенін ортаға шығарамыз.","Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз. ","Сендерден тозаққа келмейтін (сыраттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа түжырымды, міндетті бір үкім. ","Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз. ","Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заман; кәпірлер, (байлықтарын салғастырып) мүміндерге: \"Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, жиналыста көркем?\",- деді.","Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар, дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Кім адасқан болса, Алла оны мүлде созып қояды да ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте, олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі\" де.","Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады. Тұрақты игілік; Раббыңның, қасында сауап түрғысынан жақсы да нәтиже бойынша хайырлы. ","(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: \"Әлбетте маған мал, бала беріледі\" дегенді көрдің бе? ","Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма? ","Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз. ","Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді. ","Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды.","Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздеріне теріс келеді.","(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік. ","Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз. ","Сол күні, тақуаларды Рахманның хұзырына қонақ түрінде жинаймыз.","Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз.","Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды. (2-С.555-А.) ","Олар: \"Алла, бала иемденді\" десті. ","Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер. ","Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды: ","Аллаға бала ұйғарғандықтарынан. ","Негізінен Аллаға бала лайық емес.","Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді. ","Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі. ","Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді.","Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге; Алла, сүйіспеншілік береді.","(Мұхаммед Ғ.С.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік. ","Олардан қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді олардың ешбіреуін сезініп, сыбдырларын естисің бе? ","Та.Һә. ","Саған Құранды машақат үшін түсірмедік.","Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік. ","Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді.","Ол Рахман, ғаршына көтерілді. ","Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселермен топырақтың астындағы нәрсе Оған тән. ","Сөзіңді мейлі әшкере сөйле. Расында Ол сырды да қүпияны да біледі. ","Ол Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән. ","(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) ның әңгімесі келді ме? (Мұса Ғ.С. жұбайымен Мәдяннан Мысырдағы шешесін көру үшін жолға шығады. Қараңғы бір қыс түнінде \"Туа\" ойпатына келгенде бір жағынан жұбайы толғатып, жолдан адасып, қарлы бораннан қойлары ығып кетеді. Ж.Б.М.Р.К.Х.)","Сол уақытта ол бір от көріп, уй-ішіне: \"Тұрып тұрыңдар. Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта, бір жол көрсетуші табармын\" деді.","Ол отқа барған сәтте: \"Әй Мұса!\" деп шақырылды. ","\"Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың\" ","«Мен сені таңдап алдым. Енді уахи етілгендерді тыңда\"","\"Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. \"Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында.\" ","\"Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық еледі.\"","\"Ендеше, сені; қияметке сенбей, көңілдері тартқанына ілескендер, (қияметке сенуден) тоспасын. Онда жоқ боласың.\" ","Әй Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?\" ","(Мұса Ғ.С.): \"Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар\" деді. ","\"Әй Мұса! Оны таста!\",- деді. ","Оны тастады. Сонда ол, жылан болып жүрді. ","\"Оны үста, қорықпа! Оны әуелгі халына қайтарамыз\" деді. ","\"Қолыңды қойныңа тық. Аппақ ақаусыз басқа бір мұғжиза болып шықсын\"","Саған ірі мүғжизаларымызды көрсету үшін (еді.)\" ","\"Перғауынға бар. Өйткені ол, шектен шыққан.\"","(Мұса Ғ.С.): \"Раббым! Көңлімді кеңейткейсің!\",- деді. ","\"Ісімді оңайластырғайсың!\"","\"Тілімнің тұтықпасын шеше көр.\" ","\"Олар сөзімді түсінсін!\" ","\"Маған семыямнан бір уәзір қыл!\" ","\"Туысым Һарүнды,\" ","\"Ол арқылы арқамды қуатта!\"","\"Оны істеріме ортақ қыл.\" ","\"Сені көп дәріптеуіміз үшін.\" ","\"Сені көп еске аламыз.\"","\"Күдіксіз Сен бізді көресің.\" ","(Алла): \"Әй Мұса! Сенің тілегің берілді\" деді.","\"Негізінде саған басқа да бір рет игілік еткен едік.\" ","Сол уақытта анаңның көкейіне тиісті нәрселер салған едік.","\"Оны сандыққа салып, дәрияға тастап жібер; дәрия оны қырға шығарып тастасын. Оны оған да Маған да дұшпан біреу тауып алсын.\" \"(Әй Мұса! Саған) көз алдымызда бағылуың үшін өз тарапымнан махаббат салдым.\" ","\"Сол уақытта әпекең барып: Сендерге оны бағатын біреу көрсетейін бе?\",- деді. Сонда сені, көз айым болып кейімеуі үшін анаңа қайтардық. Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те сынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ жылдар бойы Мәдян елінде тұрдың. Сосын белгілі мерзімде қайтып келдің, әй Мұса!\"","\"Сені Өзіме арнадым.\"","\"Сен туысың (Һарүн екеуің) мұғжизаларымды апарыңдар. Мені еске алуда селқостық қылмаңдар.\" ","\"Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан.\" ","\"Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар.\" ","(Мұса мен Һарүн Ғ.С.): \"Раббымыз! Оның өктемдік қылуынан немесе шектен шығуынан қорқамыз\" деді.","(Алла Т.): \"Қорықпаңдар! Мен сен екеуіңмен біргемін. Естимін, көремін\" деді. ","\"Екеуің барып: Біз, Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Израил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама, саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға болсын\" деңдер. ","\"Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді.\" ","(Перғауын): \"Әй Мұса! Раббыларың кім?\",- деді. ","(Мұса): \"Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған\" деді. ","(Перғауын): \"Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайы қандай?\",-деді.","(Мұса Ғ.С.): \"Олардың мәліметі Раббытмның қасындағы Кітапта бар. Раббым жаңылмайды да ұмытпайды\" деді. ","Ол сондай Алла. сендер үшін жерді бесік қылып, онда сендергө жолдар ашқан және көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі өсімдіктерден пар-парымен шығардық.","Жеңдер де малдарыңды жайыңдар, Рас бұнда ақыл иелері үшін өнеге бар. ","Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз.","Расында Перғауынға барлық мұғжизаларымызды көрсеттік. Бірақ ол жасынға шығарып бас тартты. ","\"Әй Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару үшін келдің бе?\",- деді.","\"Әрине біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. Ендеше бізбен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз де сен де айнымайтын ыңғайлы бір орын болсын\" деді. ","(Мұса Ғ.С.): Табысатын уақтымыз мереке күнгі ел жиналатын сәске болсын\" деді. ","Сонда Перғауын бұрылып кетті де сиқыршыларын жинап келді.","Мұса (Ғ.С) оларға: \"Құрып-ақ қалыңдар! Аллаға өтірік жала жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды\" деді. ","Олар өзара тартысып, жасырын кеңесті. ","Олар: “Бұл екеуі сиқыршы, сиқырлары арқылы сендерді жерлеріңнен шиғаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды\" десті. ","\"Сондықтан барлық сиқырларыңды жинап, сосын қатарланып келіңдер. Расында бүгін кім үстем болса, мұратқа жетеді.\"","Олар: \"Әй Мұса! Енді (асаңды) не сен таста немесе біз бұрын тастайық\" деді.","(Мұса Ғ.С.): \"Жоқ, сендер тастаңдар\" деді. Сол сәтте, олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып сезілді. ","Сондықтан Мұса (Ғ.С.) көңлінде бір қобалжу сезді. ","\"Қорықпа! Сен үстем боласың\" дедік. ","\"Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да қүтылмайды\" дедік.","Сонда бүкіл сиқыршылар, сәждеге жығылып: \"Мұса мен Һарүнның Раббына иман келтірдік\" деді. ","(Перғауын, сиқыршыларға): \"Мен сендерге рүхсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Әрине ол, сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді, әлбетте қолдарыңды да аяқтарыңды да шадырлата кесемін. Және сендерді құрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер\" деді.","Олар: \"Бізге келген ашық мүғжизалардан сондай-ақ бізді жаратқаннан, сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Әрине сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың\" деді.","\"Күдіксіз біз, қателіктерімізді және сен бізді зорлаған сиқырды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. Сондай-ақ Алла (Т.) хайырлы да тұрақты.\" ","Күдіксіз кім Раббына күнәкар болып келсе, рас оған тозақ бар: Онда ол, өлмейді де тіршілік өмір де сүрмейді. ","Ал кім Оған иман келтіріп, рас ізгі іс істеп келсе, міне соларға жоғары дәрежелер бар.","Астынан езендер ағатын Ғадын бақшалары; Олар, онда мәңгі қалады. Пәк болған кісінің сыйлығы осы. ","Расында Мұсаға: \"Құлдарымды (Израил үрпақтарын) түнделетіп, алып кет; оларға теңізде құрғақ жол аш. Олардың қуып жетулерінен қорықпа да шошыма!\",- деп уахи қылдық. ","Сонда оларды қуған Перғауын мен әскерлерін теңіз басып, ішіне алды.","Перғауын, елін адастырып, тура жолға салмаған еді.","Әй Израил үрпақтары! Өздеріңді дұшпандарыңнан құтқарып, Түр тауының оң жағын сендерге уәде қылдық. Сондай-ақ сендерге, Мәнна, Сәлуаны түсірдік. ","Біз сендерге берген таза ризықтан жеңдер. Бүнда шектен шықпаңдар. (Өйтсеңдер.) Сендерге ашуым түседі. Ал кімге ашуым түссе, расында сол жоқ болады. ","Өйткені; Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса; әлбетте жарылқаймын. (Мұса Ғ.С. елінен сайлап алған жетпіс кісімен Тұр тауына жүргенде, олардан оза жүрген екен. 7-С155-А.) ","\"Әй Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды?\" ","(Мұса Ғ.С): \"Олар артымда, Раббым, разы болуың үшін Саған асықтым\" деді. ","(Алла): \"Рас Біз, сенен кейін еліңді сынадық. Сондай-ақ оларды, Сәміри жолдан шығарды\" деді.","Сонда Мұса (Ғ.С.) ашуланып, кейіген түрде, еліне қайтты да: \"Әй елім! Раббыларың сендерге жақсы уәде қылмап па еді? Сендерге уәде ұзақ келді ме? Немесе өздеріңе Раббыларыңның қаһары келуін қалап, уәдемнен айныдыңдар ма?\",-деді.","Олар: \"Уәдеңнен өздігімізден таймадық. Бірақ бізге, ол елдің сәндік-бүйымдары артылған еді. (Алып шыққан едік.) Сонда оларды отқа салдық. Осылайша Сәміри де салды\" деді","Сонда Сәміри, оларға; мөңіреген бір бузаудың мүсінін шығарды да олар: \"Сендердің де Мұсаның да тәңірі осы. Бірақ ол жаңылды\" десті.","Олар оның өздеріне жауап қайтармағанын сондай-ақ олар үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емес екендігін көрмей ме? ","Рас бұрын Һарүн да оларға: \"Әй елім! Шынында сендер осы арқылы сыналдыңдар. Күдіксіз Раббыларың мейірімді. Сондықтан маған еріп, әміріме бой ұсыныңдар!\",- деген еді. ","Олар: \"Мұса бізге қайтқанға дейін бұған табынудан тапжылмаймыз\" десті. ","(Мұса Ғ.С.): \"Әй Һарүн! Бұлардың адасқанын көргенде, артымнан келуіңнен сені тосқан не?  ","Немесе әміріме қарсы келдің бе?\",- деді. ","(һарүн): \"Әй анамның ұлы! Сақалым мен шашымды ұстамашы. Израил ұрпақтарының арасына іріткі салдың, сөзімді елемедің деуіңнен қорықтым\" деді. (7-С.150-А)","(Мұса Ғ.С): \"Әй Сәміри! Жә, сенің істегенің не?\",- деді. ","(Сәміри): \"Олар көрмеген бір нәрсе көрдім. Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) ізінен бір уыс топырақ алып, оны ішіне салдым. Оны маған нәпсім жақсы көрсетті\" деді. ","(Мұса Ғ.С.): \"Енді кет! Өмірің бойынша: “Маған жұғыспа” деп өтесің. Күдіксіз саған әсте өзгермейтін бір жаза тағы бар. Бұлжымай табынған тәңіріңе қара! Әлбетте оны өртеп сонан соң дәрияға тастап жібереміз.\"","\"Тәңірлерің Алла ғана. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. білімі әр нәрсені сидырады.\"","(Мұхаммед Ғ.С.) өстіп, саған кейбір болып өткен уақиғаларды баян етеміз. Сондай-ақ саған өз қасымыздан Құранды бердік. ","Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі. ","Олар ол бейнетте мүлде қалады. Олар үшін қиямет күні нендей жаман жүк.","Сүр үрілген күні, күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. ","Олар араларында: \"Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық\" деп сыбырласады. (23-С. 113-А.) ","Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардық ең туралары: \"Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар\" дейді.","(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен таулардың жайынан сұрайды. Сонда оларға: \"Раббым тозаң қылып, ұшырып жібереді\" де. ","Оны теп-тегіс жазық қылады. ","Сен онда ешбір қия не томпақ көрмейсің. ","Олар; қиямет күні, шақырушыға еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаны естімейсің. ","Сол күні Рахман рүқсат берген, сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді. ","Өйткені Алла, олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Басқалар оны толық білмейді. ","Тірі, меңгеруші (Алла) ге бастар иіледі. Кім зұлымдық арқаласа, қор болады. ","Ал кім иман келтірген түрде түзу іс істесе, сонда ол жамандықтарының артуынан, жақсылықтарының кемуінен қорықпайды.","Осылайша Құранды Арапша түсіріп, онда түрлі ескертулер баян еттік. Мүмкін олар сақтанар. Немесе оларға үгіт пайда қылар.","Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: \"Раббым, білімімді арттыр!\",- де. ","Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық. ","Сол уақытта періштелерге: \"Адамға сәжде қылыңдар!\",- дедік. Сонда олар сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай бас тартты. ","Сонда Адамға: \"Күдіксіз осы, саған да жұбайыңа да дұшпан. Екеуіңді жаннаттан шығарып жібермесін. Сонда машақат тартасыңдар\" дедік.","Күдіксіз сен жаннатта, аш-жалаңаш қалмайсың. ","Сондай-ақ онда шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді. ","Ақыр шайтан оған азғыру жүргізіп: \"Әй Адам! Саған мәңгілік ағашын және таусылмайтын салтанатты көрсетейін бе?\",- деді.","Сонда екеуі, одан жеді. Дереу үятты жерлері көрінді. Сондықтан екеуі де үстеріне жаннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам (Ғ.С.) Раббына күнәкар болып, жолдан тайды. ","Сонан кейін Раббы оны есіркеп, тәубесін қабыл етіп, тура жолға салды. ","Бір-біріңе дұшпан болған бойда жаннаттан түгел түсіңдер. Егер екеуің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да машақат тартпайды. ","Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз. ","\"Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында мен көретін едім\" дейді.","(Алла): \"Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың\" дейді. ","Ал міне сөйтіп, шектен шыққан, Раббының аяттарына иман келтірмеген кісіні жазаландырамыз. Әрине ахирет азабы әрі қатты әрі тұрақты. ","Оларды жұрттарында жүріп жүрген өздерінен бұрынғы Біз жоқ еткен нәсілдер (дін үлгісі) жолға салмады ма? Рас мұнда ақыл иелеріне өнеге бар. ","Егер Раббыңнан бекітілген сөз; белгіленген бір мерзім болмаса, әрине істері біткен болар еді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардың айтқандарына сабыр ет. Күн шығудан бұрын да батудан бұрын да Раббыңды мақтай пәкте. Кеш мезгілдерінде және күндіздің айналасында да пәкте. Мүмкін ризалыққа бөленерсің. ","Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүние тіршілігінің ғана сәні түріндегі нәрселерге көзіңді сүзбе. Раббыңның несібесі хайырлы да тұрақты. ","Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән.","Олар: \"Бұл, Раббынан бір мүғжиза неге келтірмейді?\",- деді. Оларға, бұрынғы кітаптарда ашық дәлелдер келмеді ме? (Бұрынғы Інжіл, Тәуратты және т.б. кітаптарды қамтыған Бұл Құран, осал бір мүғжиза ма? Ж.Б.К.М.Р) ","Егер бізге бір елші жіберген болсаң, қор және сорлы болудан бұрын аяттарыңа көнер едік\" дер еді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Бәріміз де соңын күтеміз. Ал сендер де күтіңдер. Таяуда кімнің тура жолға ие екендігін, кімнің тура жол тапқандығын білесіңдер\" де. "]