["Шынында иман келтіргендер құтылды. ","Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады.","Олар, бос нәрселерден аулақ болады. ","Олар, зекеттерін береді.","Олар, ұятты жерлерін сақтайды. ","Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ.","Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар.","Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы.","Олар, намаздарына ұқыпты. ","Міне солар, мұрагерлер. ","Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады.","Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.","Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық. ","Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім  / шайналған секілді /  ет етіп жаратып,  / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық.  Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ-  аса Берекелі. ","Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер. ","Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер. ","Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар.)","Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді. ","Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық.","Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық. ","Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (16-С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер. ","Мал және кеме менен тасымалданасыңдар.","Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: \"Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?\" деді.","Онда елінің қарсы болған бастықтары: \"Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік\" деді. ","\"Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар.\"","(Нұх Ғ.С.): \"Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!\",- деді. ","Сонда оған: \"Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса\" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті\" деп уахи еттік. ","Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: \"Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән\" де. ","\"Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың\" де. ","Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз. ","Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (7-С.69-А.) ","Оларға өздерінен жіберген елшіміз: \"Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?\",- (деді.) ","Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: \"Бұл өздерің құсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді\" деді. ","\"Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар.\"","\"Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шын тіріліп, шығатындарыңды ескерте ме?\" ","\"Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ!\" ","\"Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз.\" ","\"Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз.\"","(Һүд Ғ.С.): \"Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы, нұсрат бер!\",- деді.","(Алла): \"Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке үшырайды\" деді. ","Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын! ","Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық. ","Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете, кейіндете алмайды.","Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды, бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын!","Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз, ашық дәлелдерімізбен жібердік.","Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді.","Олар: \"Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?\",- десті. ","Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді. ","Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітап бердік.","Мәрйем ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты, бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық ( Бұл жер; Бәйтіл Мүқаддас, Дымшық, Мысыр. Ж.Б.М.К.Р.)","Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін. ","Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (2-С. 213-А.) ","Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр гұрұппа өз алдарындағысына мәз болды. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой.","Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды. ","Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді.","Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді.","Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді. ","Олар, Раббыларына серік қоспайды. ","Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан, жүректері қорқып, бергендер. ","Міне осылар, жақсылықтар да жарысады да олар, оның озаттары.","Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл Махфұз не амал дәптері. Ж.Б.) Олар зұлымдық көрмейді.","Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз және олардың бұдан өзге де істеген істері бар. ","Олар мәз болған кезде, жазаға тартсақ, сол уақытта олар зар илейді.","\"Бүгін зарламаңдар! Расында сендер, Менен жәрдем көре алмайсыңдар.\"","\"Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер.\" ","\"Аяттарымызға тәкаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер\" ","Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бүрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? ","Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарыса ма? (Негізінен олар: \"Мұхаммед Әмин: сенімді Мұхаммед\" деп, бала жастан толық сенім артқан, өмірінде еш өтірік айтпаған, биязы мінезді, сондай-ақ ешкімнен оқымаған бола тұра даналықтың ең кемеліне ие екенін жақсы біледі. Ж.Б.К.М.Р.) ","Немесе: \"Онда бір жындылық бар\" дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды. ","Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды.","(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңның сауабы хайырлы. Ол, ризық берушілердің ең хайырлысы. ","Әрине сен оларды тура жолға шақырасың.","Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар. ","Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді. ","Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады. ","Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді.","Ол, сендер үшін: Есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар. ","Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар.","Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма? ","Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады. ","Олар: \"Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?\",- деген ","\"Расында бұл бопса, бізге де бүрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана.\" ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?\",- де. ","Олар дереу: \"Алланікі\" дейді. \"Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?\",- де.","\"Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?\",- де. ","Дереу: \"Алла\" дейді. \"Сонда да қорықпайсыңдар ма?\",- де. ","\"Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?\",- де.","Олар дереу: \"Алла\" дейді. \"Ал онда қалайша жадыландыңдар?\",- де.","Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші. ","Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (21-С. 22-А. 17-С. 42-А.) ","Алла көрнеуді де көиесті де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем.","(Мұхаммед): \"Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең,) ","\"Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!\",- де. ","Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді. ","Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз.","\"Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын\" де.","\"Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын...\"","Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: \"Раббым! Мені дүниеге қайтар!\"","\"Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін.\" Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар. ","Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (70-С. 10-А.) ","Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар.","Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады. ","Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады. ","\"Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?\"","Олар: \"Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой\" дейді. ","\"Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер кайта күнәкар болсақ; Шын залымбыз.\"","Оларға: \"Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер\" дейді.","Құлдарымнан бір бөлім: \"Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың\" дейтіндер бар еді. ","Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді. ","Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер... ","Алла, оларға: \"Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?\",- дейді.","Олар: \"Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра\" дейді. (30-С. 55-А.)","\"Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар\" дейді.","\"Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?\",- дейді. ","Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы. ","Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды.","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың\" де. ","Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік. ","Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ахирет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын.","Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды. ","Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бүзықтар. ","Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері.","Бесінші ретте; (ер): \"Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!\",- (дейді) ","Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады.","Бесінші рет; (әйел): \"Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!\",- (дейді.) ","Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса, (не болар еді?) Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана. ","(Пайғамбар Ғ.С. Бану Мұсталық соғысынан қайтқанда түнеп көшкен бір жерде Ғайша Р.А. түзге отырып келсе, мойнындағы алқасы жоқ. Соны қарап келгенше, көш жөнеліп кеткендіктен жұртта отырғанда қарауылда жүрген Сапуан Мұғтал ұлы түйесіне мінгізіп, альп келеді. Сондықтан Ғабдолла Үбай ұлы т.б. лар өсек қылады. Ж.Б.М.Р.) Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін хайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар. ","Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде хайыр ойлап: \"Бұл бір ашық өсек\" десе еді? ","Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші. ","Егер сендерге дүние, ахиретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер. ","Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсені айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол, Алланың қасында зор іс еді. ","Егер оны естіген сәтте: \"Бұны, біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала\" деген болсаңдар еді.","Егер мүмін болсаңдар, Алла мүндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды. ","Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана. ","Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ахиретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер.","Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді. ","Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, Күдіксіз ол, ұятсыз-дықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын ағартады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.","Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар; дүние, ахиретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар. ","Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады.","Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі. ","Сұм әйелдер; сұм ерлерге, сұм ерлер; сұм әйелдерге сондай-ақ игі әйелдер; игі ерлерге, игі ерлер; игі әйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар. ","Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұхсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін хайырлы. Әрине түсінерсіңдер. ","Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұхсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: \"Қайтыңдар\" делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі.","Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар (қонақ үй сияқты. Ж.Б.М.К.Р.) үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңді де біледі. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. ","Мүмін әйелдерге де айт: \"(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар.","Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды, тұл ер, әйелдерді. Ж.Б.М.К.Р.) сондай-ақ қолдарыңдагы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші. ","Үйлене алмағандар, Алла өз кеңшілігімен байытқанға дейін суық жолдан сақтансын. Қолдарыңдағы (құл, күң) лардан хат тілегендерге, егер оларда бір хайыр білсеңдер, хат келісімін жасаңдар. Әрі оларға Алланың өздеріңе берген малынан да беріңдер. (Құл, күңдердің қожайынына ақша төлеп, не бір қызмет атқарып, азаттық алу үшін келісім жасап қолынан хат алу хақысы бар. Ж.Б.М.К.Р.) (Бұларға зекет те беріледі. 9-С. 6-А.) Өздері абыройлы болуды қалаған күңдеріңді дүние тіршілігінің пайдасы үшін жамандыққа зорламаңдар. Кім оларды зорласа; онда Алла, ол зорланғаннан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Күнәсы зорлаушыға болады.) ","Рас сендерге ап-ашық аяттарды әрі сендерден бұрынғы өткендерден мысал және тақуалар үшін насихат түсірдік. ","Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетгі зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші. ","(Бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді.","Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады.","Сондықтан Алла, оларға істегендерінің ең көркем сыйлығын тіпті өз қасынан артылтып береді. Алла қалаған құлын есепсіз несібеге бөлейді.","Сондай қарсы болғандардың істері, шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп, ойлайды. Ақыр оған барған сәтте, еш нәрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады. Ол, оның есебін толық көреді. Алланың есебі, жылдам.","Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт каптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды.","Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан қүстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, тәсбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі.","Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тән. Және қайтар жер де Алла жақ.","Көрмейсің бе? Рас Алла, бұлттарды айдайды. Сосын оның араларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып, әкетеді. Нажағайдың жарқылы; көздерді әкете жаздайды. ","Алла; күндізбен, түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін әрине ғибрат бар. ","Алла әр жандықты судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.","Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Алла қалағанын тура жолға салады. ","Олар: \"Аллаға, Пайғамбарға иман келтірдік, бой ұсындық\" дейді де, сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иман келтірмегендер.","Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаға, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады.","Егер оларға бір тиесі болатын болса, оған бой ұсынған түрде келеді.","Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Алла, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп, қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залым. ","Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: \"Естідік, бой ұсындық\" деу болады. Міне бұлар құтылушылар.","Кімде-кім Аллаға, Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладан қорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер. ","(Мұхаммед Ғ.С.! Мұнафықтар): \"Егер әмір етсең (соғысқа) әлбетте шығамыз\" деп, Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: \"Ант ішпеңдер! Бағынғандарың мәлім. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі\" де. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Аллаға, Пайғамбарына бағын\" де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет.","Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бүрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, хауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені шерік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар.","Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер. ","(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы келгендер, жер жүзінде бізді әлсіретті деп, ойлама! Олардың орны тозақ, нендей жаман орын!","Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі қүл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұхсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және ясту намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.","Ержеткен балаларың, бұрынғылар рұхсат сүрағандай рұхсат сұрап кірсін. Осылайша сендерге Алла аяттарын ашық баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. ","Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші.","(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінә жоқ, ақсаққа кінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (әйелдеріңнің, балаларыңның. Ж.М.Р.) не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, я аға-інілеріңнің үйлерінен, я әпеке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апаиларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! (4-С. 86-А.) Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер.","Шын мәнінде мүміндер, сондай Аллаға, Пайғамбарына иман келтіргендер, егер олар Пайғамбар мен бірге топты түрде бір істе болса, Пайғамбардаи ргхсат алмайынша кетпейді.(Мұхаммед Ғ.С.) рас сенен рұхсат сүрағандар; міне солар, Аллаға, Пайғамбарға иман келтіргендер. Қашан олар кейбір жұмыстары үшін сенен рүхсат сүраса, олардан қалағаныңа рұхсат бер. Және оларға Алладан жарылқау тіле. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, аса мейірімді. ","Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға үқсатпаңдар! Рас Алла, сендерден ептеп, далдаланып шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын. ","Естеріңде болсын! Көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Расында Ол, сендердің неменеде болғандарыңды біледі. Сондай-ақ олар, өз жагына қайтқан күні, оларға, не істегенін білдіреді. Алла барлық нәрсені толық біледі.","Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары. ","Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі. ","(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тагы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды. ","Сондай кәпірлер: \"Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті\" деп, олар орынсыз жала жапсырды. ","Және олар: \"Ол Құран бүрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады\" деді. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді\" де. ","Тағы олар: \"Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?\",-десті. ","\"Немесе оған (шаңырактан) бір қазына тасталса не оның бір коректенетін бақшасы болса еді.\" Сөйтіп залымдар: \"Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер\" деді.","(Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты. ","Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады.","Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік. ","Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді.","Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды.","\"Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер\" (делінеді) ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?\",- де. ","Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде. ","Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табьінғандарын жинайды. Сонда олардан: \"Осы қүлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?\",- деп, сұрайды. ","(Ол табынылғандар): \"Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды\" деді. (5-С.П6-П7-А. 34-С.40-41-А.) ","(Табынғандарың); рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші. "]