["Сондай бізге кездесуді күтпегендер: \"Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек\" деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті. ","Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: \"Жоқ, сендерге қуаныш жоқ\" дейді. (Не өздері: \"Махрұм қалдық\" дейді.) ","Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз. ","Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады.","Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі.","Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады.","Ол күні әр залым өз қолын шайнап: \"Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді\" дейді. ","\"Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім...\" ","\"Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады.\" ","Пайғамбар: \"Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды\" деді.","Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады. ","Тағы кәпірлер: \"Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?\",-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық.","Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындьіқты және көркем түсінікті әкелеміз. ","Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар; міне солар, орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар. ","Рас Мұсаға Кітап беріп, Онымен бірге туысы Һарүнды уәзір қылдық.","Сонда оларға: \"Екеуің аяттарьімызды жасынға шығарған елге барыңдар\" дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық. ","Нұх (Ғ.С.) тың елін де пайғамбарларды жасынға шьіғарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық. ","Ғад, Сәмүд және Рес елін; бұлардың арасында көптеген нәсілдерді де... ","Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік. ","Расында (Меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді.","(Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: \"Алланың жіберген Елшісі осы ма?\",- деп тәлкекке алады. ","Олар: \"Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады\" дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқаын біледі. ","(Мұхаммед Ғ.С.) ойын, тәңір жасап алғанды (ойының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? ","Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан.","Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық. (Көлеңке; күннің барлығының дәлелі. Әр нәрсе өзінің терісімен анықталады. Ж.М.Р.)","Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық. ","Ол сондай Алла, сендерге түнді; киім, ұйқыны; тынығу етіп, күндізді; (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды. ","Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық. ","Ол арқылы өлі жерді жандандырып, біз жаратқан хайуандар менен көптеген адамдарды суару үшін. ","Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді. ","Егер қаласақ; әр кентке бір ескертуші жіберер едік. ","(Мұхаммед Ғ.С.) енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса! ","Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасына (қосылып, араласпайтын) бөгет жасады. ","Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті. ","Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірдер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) негізінде сені қуандырушы, қорқытушы, ғана қылып жібердік.","Оларға: \"Бүған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын\" де. ","Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады.","Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындагыларды алты күнде жаратып сосын ғаршына көтерілді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра. ","(Сәжде аяты бар.) Оларға: \"Рахманға сәжде қылыңдар\" делінсе: \"Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?\",-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды. ",") Сондай мол игілік иесі Алла, аспандагы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты.","Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды. ","Рахманың қүлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: \"Сәлеметшілік\" деп, дұрыс жауап береді. ","Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке түрумен өткізеді. ","Олар: \"Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты\" дейді. ","Шынында ол; орынның да мекеннің де жаманы. ","Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады. ","Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады. ","Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады. ","Бірақ кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады.","Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді. ","Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы тгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді. ","Олар: \"Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, үрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!\",- дейді. ","Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады. ","Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын!","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар\" де. ","Та. Син. Мим. ","Бұл айқын Құранның аяттары. ","(Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың.","Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді. ","Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады.","Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады. ","Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік.","Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес.","(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді. ","Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: \"Залым елге бар\" деп, үндеді. ","\"Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?\"","(Мұса Ғ.С.): \"Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын\" деді.","\"Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер!\"","\"Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын!\" ","(Алла Т.): \"Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз\" деді. ","\"Дереу екеуің Перғауынға баршы: \"Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз;\"","\"Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!\",- (деңдер-деді.)","Перғауын: \"Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба?\" ","\"Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің\" деді.","(Мұса Ғ.С.): \"Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім\" деді. ","\"Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды.\" ","\"Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы.\"","(Перғауын): \"Әлемдердің Раббы дегенің немене?\",- деді. ","(Мұса Ғ.С.): \"Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы\" деді. ","(Перғауын) маңайындағыларға: \"Естімей отырсыңдар ма?\",- деді.","(Мұса Ғ.С.): \"Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы\" деді. ","(Перғауын): \"Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды\" деді. ","(Мұса Ғ.С.): \"Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы\" деді. ","(Перғауын): \"Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.\",- деді. ","(Мұса Ғ.С.): \"Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?\",- деді.","(Перғауын): \"Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң\" деді.","Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды.","Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді. ","(Перғауын) айналасындағы бастықтарга: \"Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен\" деді. ","\"Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар?\" ","Олар: \"Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер\" десті. ","\"Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін!\" "," Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды. ","Адамдарға да: \"Сендер жиналдыңдар ма?\",- делінді. ","(Ел): \"Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз\" (десті.) ","Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: \"Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?\",- деді. ","(Перғауын): \"Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар\" деді. ","Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: \"Немене тастасаңдар қане тастаңдар\" деді. ","Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: \"Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз\" десті. ","Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады. ","Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды. ","\"Әлемнің Раббына иман келтірдік\" десті. ","\"Мұса мен Һарұнның Раббына.\" ","(Перғауын) оларға: \"Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын\" деді. ","(Сиқыршылар): \"Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз\" деді. ","\"Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз.\" ","Мұса (Ғ.С.) ға: \"Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар\" деп уахи еттік. ","Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді. ","\"Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ\" (деді.) ","\"Сонда да олар бізді ашуландыруда.\" ","\"Расында біз сақ бір топпыз.\"","Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық.","Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де. ","Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық. ","Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды.","Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: \"Сөз жоқ, қолға түстік\" деді. ","(Мұса Ғ.С.): \"Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді\" деді.","Мұса (Ғ.С.) ға: \"Таяғыңмен теңізді ұр!\",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды. ","Артқыларды да сол жерге жақындаттық. ","Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық.","Сосын басқаларды суға батырдық.","Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады. ","Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді.","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет.","Сол уақытта ол әкесіне, еліне: \"Неменеге табынасыңдар?\",- деді. ","Олар: \"Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз\" деді. ","(Ыбырайым Ғ.С.): \"Олар шақырғандарыңда ести ме?\",- деді.","\"Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма?\"","Олар: \"Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық\" деді. ","\"Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?\",- деді. ","\"Сендер де бұрынғы аталарың да.\"","\"Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным.\" ","\"Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді.\"","\"Ол, маған жегізеді де ішкізеді.\" ","\"Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді.\" ","\"Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді.\" ","\"Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін.\"","\"Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр!\"","\"Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр!\"","\"Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл!\" ","\"Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан.\" (9-С. 114-А.) ","\"Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа!\"","\"Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді.\" ","\"Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді.)\" ","Тақуаларға жаннат жақындатылады. ","Азғындарға тозақ көрсетіледі. ","Оларға: \"Табынатындарың қайда?\",- делінеді. ","\"Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма?\" ","Табынылғандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады. ","Ібілістің әскерлері де тұтас. ","Олар онда былай деп таласады. ","\"Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой!\"","\"Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік.\" ","\"Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен.\" ","\"Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ.\" ","\"Жан күйер достымыз да жоқ.\"","\"Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік.\" ","Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді.","Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды.","Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): \"қорықпайсыңдар ма?\",- деді.","\"Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін.\" ","\"Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар.\" ","\"Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән.\" ","\"Алладан қорқып, маған бағынындар.\" ","Олар: \"Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?\",- десті. ","(Нұх Ғ.С.): \"Олардың не істегендерін білмеймін\" деді.","\"Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән.\" ","\"Иман келтіргендерді қумаймын.\" ","\"Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін.\"","Олар: \"Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың\" деді.","\"Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды\" деді. ","\"Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар!\" ","Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық. ","Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық.","Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді. ","Рас Раббың үстем де мейірімді. ","Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды. ","Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): \"Қорықпайсыңдар ма?\",- деді. ","\"Рас сендерге сенімді Елшімін.\" ","\"Алладан қорқып, маған бағыныңдар.\" ","\"Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән.\" ","\"Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма?\"","\"Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма?\"","\"Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!\" (Аямадыңдар!\" Ж.Б.М.)","\"Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар.\" ","\"Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар.\" ","\"Сендерге малдар, балалар берді\" ","\"Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар).\"","\"Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын.\" ","Олар: \"Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей\" десті.","\"Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан.)\"","\"Біз азапқа душар болмаймыз.\" ","Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді. ","Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды.","Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): \"Алладан қорықпайсыңдар ма?\",- деді","\"Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін.\" ","\"Алладан қорқып, маған бағыныңдар.\"","(Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті.\"","\"Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма?\"","\"Бақшаларда, бұлақтарда.\" ","\"Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында?\" ","\"Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма?\" ","\"Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар.\"","\"Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар.\" ","\"Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды.\" ","Олар, Салих (Ғ.С.) қа: \"Шынында сен жадыланғандардансың\" десті.","\"Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел.\"","(Салих Ғ.С.): \"Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі\" деді. ","\"Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады\" ","Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды.","Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.","Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді. ","Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды. ","Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): \"Қорықпайсыңдар ма?\",- деді.","\"Мен сендерге сенімді бір Елшімін.\" ","\"Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар.\"","\"Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті.\"","\"Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма?\"","\"Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер.\" ","Олар: \"Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың\" десті.","Лұт (Ғ.С.): \"Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін.\" деді.","\"Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар!\"","Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық. ","Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа. ","Сосын қалғандарды да жоқ еттік. ","Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман! ","Рас бұнда бір ғибрат бар,Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.","Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды.","Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): \"Қорықпайсыңдар ма?\",- деді. ","\"Рас мен сендерге сенімді бір елшімін.\" ","\"Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар.\"","\"Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті.\"","\"Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар.\" ","\"Тура таразымен тартыңдар.\" ","\"Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер.\" ","\"Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар.\"","Олар: \"Сен анық жадыланғансың.\" деді. ","\"Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз.\" ","\"Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір.\"","(Шұғайып Ғ.С.): \"Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі.\"","Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді. ","Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.","Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені.","Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді. ","Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды.","Ап-ашық бір арап тілінде. ","Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді.","Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (28-С. 52-55-А.) ","Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те. ","Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді.","Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К.) ","Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.","Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.","Сонда олар: \"Бізге бір мұрса берілер ме екен?\",- дейді. ","Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме? ","(Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те.","Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе. ","Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды. ","Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған;","Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз. ","Бұл Құранды шайтандар түсірмеді. ","Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді. ","Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (15-С. 17-18-А) ","(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың. ","Жақын ағайындарыңа ескерт! ","Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай.","Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: \"Сендердің істегендеріңнен бездім\" де.","Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет. ","Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады; ","Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р.) ","Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші. ","Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? ","Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі. ","Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші. ","Ақындарға азғындар ереді. ","Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе? ","Рас олар істемеген істерін айтады. ","Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р.) ","Та. Син. Бұл ап-ашық Кітап; Құранның аяттары. ","Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш.","Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ахиретке нақ сенеді.","Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді. ","Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ахиретте де өздері зиянда болады. ","(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың. ","Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: \"Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін\" деді.","Ол, сол араға келген сәтте: \"Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк\" деп дабысталды. ","\"Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын.\" ","\"Таяғынды таста!\" Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бүрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. \"Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды.\" ","\"Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандыктан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.\"","\"Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел.\" ","Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: \"Бұл ашық жады\" деді. ","Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр! ","Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: \"Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық\" деді. ","Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: \"Әй адамдар! Бізге құс тілі тйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық.\"","Сүлеймөн (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді. ","(Ол, бұлармен) ақыр құмырысқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырысқа: \"Әй құмырысқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып, кетпесін\" деді. ","Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырысқаның сөзінен жылмыйып күлді де: \"Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!\",- деді.","(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: \"Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?\",- деді.","\"Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін.\" ","Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: \"Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім.\" деді (Сәба: Йемен мемлекеті. Ж.Б.К.) ","\"Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар.\" (Шахыл қызы Былқыс қатын патша еді. Б.М.К.Р.) ","\"Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді.\" ","(Сәжде аяты бар.) \"Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?\" ","\"Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ.\" ","(Сүлеймен Ғ.С.): \"Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз\" деді. ","\"Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?\" ","(Былқыс): \"Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды\" деді.","\"Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын\" дейді.) ","\"Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрде келіңдер!\",-(делінген.) ","\"Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын\" деді. ","Олар: \"Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!\",- десті. ","(Патша, оларға): \"Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді\" деді. ","\"Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін.\" ","(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: \"Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар\" деді. ","\"Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады.\" ","\"Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тақтын маған қайсының әкелесіңдер?\",- деді. ","Жындардан бір ғыприт: \"Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін\" деді. ","Сондай өзі кітап ғылмына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Хызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жебрейіл. Ж.Б.М.К.Р.): \"Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін\" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: \"Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мүхтаж емес.) өте жомарт.\" ","(Сүлеймен Ғ.С.): \"Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер ме екен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен? Көрейік\" деді.","Былқыс келгенде: \"Тағың осындай ма еді?\",-делінді. Ол: \"Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынган едік\" деді. ","Оны, Алладан өзге, шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынында олар, кәпір елден еді.","Оған: \"Сарайға кір!\" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): \"Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай\" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым.\" деді.","Расында Сәмүд еліне: \"Аллаға құлшылық қылыңдар\" (десін деп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты.","\"Әй елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер\" деді. ","Олар: \"Біз, сен және сенімен бірге болғандардың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық\" деді. (Салих Ғ.С.): \"Сәтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер\" деді. ","Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді. ","Солар Алланың атымен анттасып: \"Салихты семьясымен түнде жоқ етіп, сосын жақындарына: \"Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз біз анық шын айтамыз дейік.\",- десті."," Олар сондай айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген жерден шарасын көрдік. ","Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік.","Міне олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері, білген елге бір ғибрат. ","Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық. ","Лұт (Ғ.С.) ты да жібердік. Сол уақытта еліне: \"Сендер көре тұра арсыздық істейсіңдер ме?\",- деді. ","\"Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып, келесіңдер ме? Әрине сендер надан елсіңдер!\" "]