["Сендерден кім Аллаға, Пайгамбарына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған мол несібе береміз. ","Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер. ","Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәурінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды. ","Үйлерінде оқылған Алланың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар. Шәксіз Алла (Т.) өте жұмсақ, толық білуші. ","Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және Мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза тстаушы ерлер және ораза тстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі. ","Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, Мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. (Жахыш қызы Зейнеп Мұхаммед Г.С ның әкесімен туысқан апайының қызы еді. Ал Харис үлы Зәйіт құлдықтан азат еткен асыранды ұлы еді. Пайғамбар Ғ.С. Зейнепті Зәйітпен үйлендіргенде, Зейнеп те жақындары да қаламаған еді. Аралары жараса алмай Зәйіт Пайғамбар Р.С. ға келіп, айрылатындығын айтады. К.Х.А.Ж.Қ.Т-Қ.) ","(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта өзіне Алла да бақ берген, сен де бақ берген Зәйітке: \"Жұбайыңды ажыратпа, Алладан қорық!\",- деуде едін; Алланың жариялайтын нәрсесін көңліңде жасыруда едің. Адамдардан қорқасың. Негізінде қорқуға Алла лайық. Сонда одан Зәйітгің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік; мүміндерге, асырандыларынан босаған әйелдерді алуда бір кінә болмауы үшін. Алланың әмірі орындалады. ","Пайғамбарға Алланың оған парыз еткен нәрсесінде оған айып жоқ. Бұрынғы өткендерге де Алланың жолы осы еді. Алланың әмірі тұжырымды бір үкім. ","Сондай пайғамбарлар, Алланың нұсқауларын жалғастырып, Одан қорқады да Алладан басқа ешбіреуден қорықпайды. Алла есеп көруде жетіп асады. ","Мұхаммед (Ғ.С.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші. ","Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. ","Оны ертелі-кеш пәктеңдер. ","Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қыяып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді.","Олар Аллаға жолыққан күні амандары, \"сәлем\" болады. Және оларға қымбатты сыйлық әзірледі. ","Әй Пайғаибар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп, жібердік. ","Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерді рас оларға Алладан, ірі игілік барлығын шүйіншіле. ","Кәпірлер мен мұнафықтарға бой ұсынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме. Аллаға тәуекел ет. Алла кепілдікте жетеді. ","Әй мүміндер! Егер мүмін әйелдерді; некеленіп, оларға қосылмай тұрып ажыратсаңдар, сонда оларға сендердің санайтын бір мерзімдерің болмайды. (Ғиддат күтпей-ақ үйлене беруіне болады.) Онда олардың мәһер хақтарын беріп, көркем түрде ажыратыңдар. (Егер мәһер белгіленген болса, жартысы, болмаса азды-көпті бір нәрсе беріледі.2-С. 236-237-А.) ","Әй Пайғамбар! Расында саған мәһерлерін берген жұбайларыңды, Алла саған нәсіп етіп, иелігіңде болған күңдерді, сенімен бірге көшіп келген әкеңмен туысқан ерлердің, әкеңмен туысқан әйелдердің, шешеңмен туысқан ерлердің әрі шешеңмен туысқан әйелдердің қыздарын халал қылдық. Сондай-ақ егер мүмін бір әйел езін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны некеленгісі келсе, бұны; өзге мүміндерден ерекше саған халал еттік. Мұсылмандарға жұбайлары, қол астарындағы күңдері хаққында нені парыз еткенімізді білдік; Саған тарлық болмауы үшін. Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) жұбайларыңнан кімді кейін қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың. Бөлек қойғандарыңнан біреуін қаласаң да саған бір кінә жоқ. Бұл олардың көзайым болып, кейімеулеріне және оларға берген нәрсеңде түгел разы болуларына тағы жақын. Алла жүректеріңдегіні біледі. Алла (Т.) толық білуші, тым жұмсақ. ","Саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да. Жұбайларыңнан ауыстыруыңа; (бұлардан бірін ажыратып, орнына басқа әйел алуыңа) болмайды. Бірақ қол астындағы күңдер бір сәрі. Алла барлық нәрсені бақылаушы. ","Әй мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұхсат берілмейінше кірмеңдер де тамақтың пысуын күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар; кіріңдер де тамақ жеген кезде, дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі сендерден ұялады. Бірақ Алла (Т.) шындықтан ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де олардың да жүректерінің тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жұбайларымен әсте некеленулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Алла қасында зор күнә. ","Бір нәрсені әшкерелесеңдер де жасырсаңдар да әрине Алла (Т.) әр нәрсені толық біледі. ","(Пайғамбар Ғ.С. ның) жұбайларына; әкелері, ұлдары, туыстары, олардың ұлдары, қыз туыстарының ұлдары, Мұсылман әйелдер және қол астарындағы күңдері жайында бір айып жоқ. (Бұларға көрінулеріне болады.) (Әй әйелдер!) Алладан қорқыңдар! Алла (Т.) әр нәрсені көреді. ","Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер. ","Расында Аллаға, Елшісіне ренш бергендер, соларға диние, ахиретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады. ","Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды. ","Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: \"Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді. ","Егер мұнафықтар, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек тарқатқандар тыйылмаса, әрине сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз заман көрші бола алады. ","Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да ұсталып, өлтіріледі. ","Алланың бұрынғы өткендерге жолы осы. Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың. ","(Мұхаммед Ғ.С.) адамдар сенен қиямет мерзімінен сұрайды. Оларға: \"Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар\" де. ","Расында Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі. "," Олар онда мәңгі қалады. Не дос не көмекші таба алмайды. ","Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: \"Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді\" дейді. ","\"Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та бізді солар адастырды\" дейді. ","\"Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл.\" ","Әй Мүміндер! Сендер де Мұса (Ғ.С.) ны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла, олардың айтқандарынан ақтады. Ол, Алланың қасында беделді еді. "," Әй Мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер. ","Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол; ұлы табысқа ие болады. ","Рас аманатты, (дінді. Ж-Қ.Ж.М.К.Р.Х.) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз... ","Нәтижеде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшрік ерлермен әйелдерді азапқа салады да мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","Көктер мен жерде болған нәрселер; өзіне тән болған Аллаға, барлық мақтау лайық. Әрі ахиреттегі мақтау да Оған лайық. Ол, хикнет иесі, толық хабар алушы. ","Ол, жерге кіргенді, одан шықанды әрі көкге шыққанды, одан түскенді біледі. Ол, тым мейірімді, аса жарылқаушы. ","Қарсы болғандар: \"Бізге қиямет келмейді\" деді. (Мұхаммед Ғ.С.): \"Олай емес, көместі білетін Раббына ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ одан үлкені де кішкенесі де белгілі бір Кітапта жазулы\" де ","(Ол күні) иман келтіріп, ізгі іс істегендерге сыйлық берілуі үшін. Міне солар үшін; жарылқау, көркем несібе бар. ","Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар. ","Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді. ","Сондай қарсы болғандар, (өзара): \"Қашан сендер бөлшектеліп, тозаңға айналғаннан кейін, шын жаңадан жаратылатындарыңнан сендерге хабар беретін адамды көрсетейік бе?\",- деседі. ","\"Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бар ма?\" Жоқ олай емес. Ахиретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда. ","Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен көсектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар. ","Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: \"Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар\" (дедік.) Және оған темірді жұмсаттық: (21-С. 79-А.) (Дәуіт Ғ.С. ның мұғжизалары; ол тәсбих айтқанда, таулар, құштар ән қосып, қолында; қара темір жұмсап, одан аспаптар жасайды. Б.Ж.К.М.Р.) ","\"Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін.\" ","Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз. ","Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нін қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. \"Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!\" Құлдарымнан шүкір етуші аз. ","Біз оның (Сүлеймен Р.С. нің) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің кұрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді. (Сүлеймен Ғ.С. Месжид Ақсаны жындарға салғызып жатқанда; өлсе де таяғына сүйеніп тұрғандықтан жындар, білмей істей беріп; таяғын құрт жеп жығылғанда бір-ақ біледі. Б.Ж.М.К.) ","Расында Сәбә елдерінің қоныстарында бір ғибрат бар. Оңнан, солдан екі бақша (бар еді. Оларға): \"Раббыларыңның несібесін жеңдер де Оған шүкір етіңдер. Бір көркем қала, Раббыларың да аса жарылқаушы\" (делінді.) (27-С. 22-А.) ","Олар бас тартты. Сондықтан оларға күшті сел жібердік те ол бакшаларын ащы мәуелі, жыңғылды бір азғантай жеміс ағашы бар; екі бақшаға айналдырдық. ","Өстіп оларды нәсүкірліктері себепті жазаландырдық. Қарсы келгендерді ғана жазаландырамыз. ","Оларменен сондай біз берекет берген кенттер арасында көрініп тұрған ауылдар бар. Онда кезілетін жер белгіледік: Ол жерде күндіз-түні аман-есен кезіңдер.\" (Бүлар, Шам мен Йеменнің арасындағы ауылдар. Бірақ олар бұған қанағат қылмады.) (Б.Ж.М.) ","Сонда олар: \"Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!\",- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші, шүкір етушілерге үлгі бар. ","Расында оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы саған ілесті. ","Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Алладан өзге, көктерде де жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуінде де бір ортақтығы жоқ. Сондай-ақ Аллаға олардың ешбіреуі көмекші де емес. Тәңір деп ойлағандарыңды шақырыңдар\" де. ","Алланың қасында, рұхсат берілген біреуден басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, өзара: \"Раббың нө айтты?\",- десе: \"Хақты айтты\" деседі. Ол Алла, аса жоғары, тым үлкен. ","(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: \"Сендерге көктерден және жерден кім несібе береді?\",- деп сұра да: \"Алла\" де. Негізінде біз немесе сендер әлбетте тура жолда не ашық адасудамыз. ","Оларға: \"Біздің кесірімізден сендер сұралмайсыңдар да сендердің істегендеріңнен біз сұралмаймыз\" де. ","Оларға: \"Раббымыз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол, қара қылды қақ жарған, аса білгіш\" де. ","\"Оған ортақтар етіп, қосқандарыңды маган көрсетіңдерші. Әсте мүмкін емес. Әрине Ол Алла, өтө үстем, аса дана\" де. ","Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. ","Олар: \"Егер шыншыл болсаңдар, осы құқайлаған уәделерің қашан?\",-дейді. ","\"Сендерге уәде етілген бір күн бар. Одан бір сәтке кейін қалмайсыңдар да ілгері кете алмайсыңдар\" де. ","Сондай қарсы келгендер: \"Біз әсте бүл Құранға сенбейміз әрі бұның алдындағы (кітап) ларға да сенбейміз\" деді. Ол залымдарды, Раббыларының хұзырында тұргызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: Езілгендер; өздерін ірі санағандарға: \"Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік\" дейді. ","Өздерін ірі санағандар, езілгендерге: \"Сендерге тура жол келгеннен кейін, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер\" дер. ","Езілгендер, өздерін ірі санағандарға: \"Күндіз-түні қулықпен, Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер\" дер. Сондай-ақ азапты көрген кезде, ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына боғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі. ","Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: \"Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз\" деді. ","Сондай-ақ олар: \"Біздер, көп малдар, балаларға иеміз. Сондықтан да азапқа душар болмаймыз\" деді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Сөз жоқ, Раббым әлде кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады; бірақ адамдардың көбі түсінбейді\" де. ","Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады.","Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы\" де. ","Ол күні, Алла оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: \"Осылар, сендерге табынушы ма еді?\",- деп сұрайды. (25-С. 17-А.) ","(Періштелер): \"Сен пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бәлкім олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді\" дейді. ","Бүгін бір-бірлеріңе пайда, зиян тигізу күшіне ие емессіңдер. Залымдарға: \"Жасынға айналдырған тозақтың азабын татыңдар\" дейміз. ","Оларға түсінікті аяттарымыз оқылған кезде, олар: \"Бұл адам, сендерді аталарың табынған нәрселерден тыюды ғана қалайды\" деді. Және: \"Бұл Құран, жасанды бір өтіріктен басқа дәнеңе емес\" деді. Сондай-ақ өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: \"Бұл ашық бір жады ғана\" деді. ","Оларға оқитын бір кітап бермедік те өздеріне сенен бұрын бір ескертуші жібермедік. (Олар дәлелсіз қасарысуда.) ","Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған еді. Бұлар, оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Сонда да олар, елшілерімді жасынға шығарды. Менің соққым қалай екен? ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін; Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да сосын ойланыңдар. Жолдастарыңда бір жындылық жоқ. Ол, сендер үшін келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана\" де. ","Оларға: \"Сендерден ақы тілемедім. Ол сендердікі болсын. Менің ақым Аллаға ғана тән. Ол әр нәрсеге куә\" де. ","Оларға: \"Негізінде шындықты Раббым ортаға атады. Ол, көместерді толық білуші\" де. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді\" де. ","\"Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын\" де. ","Олардың үрейленіп қашар жер жоқ, жақын жерден ұсталғанын бір көрсең. ","\"Оған иман келтірдік\" дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді? ","Расында олар, оған бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді. ","Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші. ","Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла (Т.) ға барлық мақтау лайық. Ол, жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші. ","Алла (Т.) ның адам баласына берген мәрхаметін тосушы жоқ. Алланың тосқан нәрсесін артынан жіберуші жоқ. Ол аса үстем, тым хикмет иесі. ","Әй адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар: Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар?. ","(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады. ","Әй адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын. ","Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады. ","Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, оң іс істегендер, олар үшін жарылқау әрі ірі сыйлық бар. ","Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше (Мүхаммед Ғ.С.) оларға қайғырып, өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі. ","Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты. ","Кім кұрмет көксесе, негізінде бүкіл кәдір-құрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы ғамал оны көтереді. (Көркем сөз: Иман, сенім. Жақсы ғамал: Сенім бойынша істеген құлшылық. Екеуі бір-бірін көтереді. Бірінсіз-бірі қабылданбайды. Б.М.К.Р.Х.) Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен-өзі жоқ болады. ","Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жүп-жүп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да тумайды. Алланың Кітабында жазылган өмір ұзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бүл Аллаға оңай. ","Екі теңіз тең емес: Бұл тәтті шөл қандырады; ішілуі сүйкімді. Ол, тұзды ащы. Әрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер әрі тағатын сәндік-бүйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін; кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкір етерсіңдер. ","Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. ","Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді. ","Әй адам баласы! Аллаға мұхтажсыңдар. Алла (Т.) Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы. ","Қаласа сендерді жоқ етеді де жаңа ел акеле алады. ","Я, бұл Аллаға қиын емес. ","Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Күнәсы ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да олан еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнадан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ. ","Соқыр мен көруші тең емес. (Кәпір мен Мұсылман, надан мен ғалым. Ж.М) ","Қараңғылық пен жарық тең емес. (Шындық пен өтірік. Б.) ","Көлеңке мен ыстық тең емес. (Жаннатпен тозақ. Ж.М.) ","Тірілер мен өліктер тең емес. Рас Алла (Т.) әлде кімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед Ғ.С.) сен, қабырлардағы біреулерге естірте алмайсың. (Қарсылықта қасарысқандар, қабырлардағы өліктерге теңеліп отыр. Б.Ж.М.Р.) ","Сен, бір ескертуші ғанасың. ","Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болмаған бір үммет жоқ. ","Егер сені жасынға шығарса, расында бұлардан бұрын мұғжизалар, нүсқаулар және нүрландырушы Кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шығарған. ","Сосын қарсы келгендерді қолға алдым. Сонда соққым қалай екен! ","Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе? ","Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы. ","Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жұмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады. ","Өйткені Алла, олардың сыйлықтарын толық беріп, әрі өз кеңшілігінен артылтып береді. Әрине Ол, өте жарылқаушы, аса қадыр білуші. ","(Мұхаммед Ғ.С.) сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. ","Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. (Бүлар; сахабалар, оған ергендер, тіпті қияметке дейінгі ғалымдар. Б.М.К.Р.) Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет. ","Олар, ғадын жаннаттарына кіреді. Онда алтын және інжу білезіктермен безенеді де олардың онда киімдері жібектен болады. ","Олар: \"Барлық мақтау бізден қайғыны жойған Алла (Т.) ға лайық. Әрине Раббымыз аса жарылқаушы, қадыр білуші\" дейді. ","\"Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырды. Бізге бұл жерде шаршау да жалығу да болмайды\" (деп бата қылады.) ","Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азап жеңітіпмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз. ","Олар тозақта: \"Бізді тозақтан шығар! Істеген ғамалдарымыздан басқа жақсы ғамал істейік\" деп шыңғырады. \"Сендерге; үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ\" (делінеді.) ","Әрине Алла (Т.) көктер мен жердің көмесін біледі. Шәксіз Ол, көңілдердегіні де біледі. ","Ол сондай Алла сендерді жер жүзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсы болушылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды әрі қарсы болушылардың қарсылы зиянды  ғана арттырады. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Алладан басқа табынған ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар, жер жүзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді\" де. ","Рас Алла (Т.) көктер мен жерді бұүлжытпай ұстайды. Мүбада екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны ешкім ұстап түра алмайды. Шәксіз Ол, тым жүмсақ, аса жарылқаушы. ","Олар, өздеріне ескертуші келсе, әлде бір үмметтен көрі тағы туралықта болатындықтарына Аллаға шынымен ант қылған. Бірақ, оларға ескертуші келген заман, олардың жиренулерін ғана қоздырды. (6-С. 26-А.) ","Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсіл жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың жолынан басқаны күте ме? (Олардың басына келгенді ғана күтеді.) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың. ","Олар, жер жүзінде кезбей ме? Сонда олар, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Тіпті олардың күші, бұлардан артық еді. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы осалдата алмайды. Шексіз Ол, толық білуші, аса күшті. ","Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалдьірмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла құлдарын толық көреді. ","Йә. Син. ","Терең сырлы Құранға серт. ","(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз сен анық елшілерденсің.","Тура жолдасың. ","Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы.) ","Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін.","Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (2-С. 7-А.) ","Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол. иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (Бұл бір мысал: Қасарысып, шындыққа бас имейді. Ж.)","Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді. ","Шын мәнінде сен, үгітге еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант! ","Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланған кітап және жасалған хайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р.) ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет: (Антақя кенті. Ғиса Ғ.С. ның влшілері. Б.Ж.М.) ","Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: \"Рас сендерге елшіміз\" деді. ","(Кент халқы): \"Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар\" деді. ","(Елшілер): \"Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз.\" ","\"Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет\" деді. ","Олар: \"Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер\" деді. ","(Елшілер): \"Сәтсіздіктерің өздеріңмөн бірге. (Өз қылықтарыңнан.) Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер\" деді.","Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: \"Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер\" деді. ","\"Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда.\" ","\"Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар.\" ","\"Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды.\" ","\"Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын.\" ","\"Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар\" (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді. Б.Ж.К.М.Р.)","\"Жаннатқа кір\" делінді де ол: \"Әттең! Елім білген болса еді;\" ","\"Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін\" деді. "]