["Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз.","Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды.","Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш! ","Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме? ","Біртұтас барлығы алдымшға жиналады. ","Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді. ","Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық. ","Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма? ","Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жүп-жүбімен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын. ","Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады.","Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. ","Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. ","Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді. ","Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі (Б.Ж.К.М.) ","Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі.) ","Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да. ","Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады. ","Қашан оларға: \"Алдарыңдагы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер\" делінсе; ","Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады. ","Қашан оларға: \"Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар\" делінсе, сондай қарсы болғандар: \"Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар\" деді. ","Олар: \"Егер шын айтсаңдар, Бұл құқайларың қашан?\" дейді. ","Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады. ","Сонда олар өсиет айталмайды да үйлеріне де қайта алмайды. ","Сұр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді: ","\"Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?\",-дейді. \"Міне мейірімді Алланың уәдесі.Пайғамбар да шын айтқан\" (делінеді.) ","Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады. ","Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер. ","Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады. ","Олар да жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады. ","Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар. ","Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: \"Сәлем\" сөзі боладьі. ","\"Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!\" ","Әй адам баласы! Сендерге: \"Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан\" деп, серт бермедім бе? ","\"Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы!\" ","Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме?","Сендерге уәде етілген тозақ осы. ","Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер.","(Олар қылмыстарынан танғандықтан. Б.Ж.М.К.Р) Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғак болады. (24-С. 24-А. 41-С. 20-А) ","Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді? ","Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді. ","Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбей мө? (16-С. 70-А. 30-С. 54-А.)","(Мұхаммед Ғ.С. га) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (26-С. 224-А.) ","Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін. ","Олар үшін рас қолдарымызбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді.","Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді.","Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (16-С. 80-А) ","Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт өтеді.","Олар (бұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздері ол бұттарды қорғау үшін әзір әскер.","(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де көместерін де білеміз. ","Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. ","Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: \"Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?\",- деді. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі\" де. ","Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (Марых, Ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш. Бір-біріне үйкелсе жанады. Б.Ж.М.К.Р.) ","Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші. ","Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйырығы оған \"бол\" деу, сонда ол бола қалады. ","Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк. ","Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт, ","Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт, ","Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ) ","Тәңірлерің біреу. ","Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (70-С. 40-А.)","Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік.","Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық. ","Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.","Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар.","Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.","Енді олардан сұра: \"Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды. ","Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді. ","Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады. ","\"Бұл мүлде ашық жады\" деседі. ","\"Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе?\"","\"Әуелгі аталарымыз да ма?\",- дер. ","\"Әуелгі аталарымыз да ма?\",- дер. (17) \"Әрине сендер кор боп тірілесіңдер\" де. ","Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады. ","\"Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!\",- деседі. ","\"Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!\" ","\"Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да:\"","\"Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;\" ","\"Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады\" (делінеді.) ","Оларға: \"Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?\",- (делінеді.)","Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар. ","Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады. ","(Олар бастықтарына): \"Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер\" дейді.","Олар: \"Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер\" дейді. ","\"Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер.\" ","\"Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз.\" ","\"Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік.\"","Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады.","Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз. ","Расында оларға: \"Алладан басқа ешбір тәңір жоқ\" делінген кезде, менменсіген еді. ","Олар: \"Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті. ","Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді. ","Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар. ","Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар. ","Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі.","Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар. ","(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді:","Нығымет бақшаларында, ","Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады.","Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады. ","Ішушілер үшін аппақ, тәтті.","Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды. ","Олардың қасында телмірген ботакөздер бар. ","Рас олар жарылмаған жұмыртқадай. ","Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады. ","Олардан бір айтушы: \"Расында бір ағайыным бар еді\" дейді.","(Ол, маған): \"Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді. ","\"Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?\" ","(деп қасындағыларға): \"Оны көргілерің келе ме?\",- дейді. ","Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де: ","\"Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың\" дейді. ","\"Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім.\" ","\"Біз өлмейміз бе?\" ","\"Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз.\" ","Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К.) ","Ғамал қылуға тиісті. ","Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит.) ","Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық. ","Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш.","Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р.) ","Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады.","Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі. ","Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады. ","Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын.","Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді. ","Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді.","Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік.","Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр! ","Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.","Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз! ","Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық. ","Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік.) ","Оны кейінгілерге дәріптеттік.","Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын. ","Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.","Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан. ","Сосын басқаларын суға батырдық. ","Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.","Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді. ","Сол уақытта әкесіне де еліне де: \"Нелерге табынасыңдар?\",- деді. ","\"Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма?\"","\"Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?\"","Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып: ","\"Мен науқаспын\" деді.","Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді. ","(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: \"Жемейсіңдер ме?- деді. ","\"Неге сөйлемейсіңдер?\"","Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды. ","Олар, оған жүгірісіп келді.","\"(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?\",- деді. ","\"Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты.\"","Олар: \"Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер\" десті. ","Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік.","(Ыбырайш* Ғ.С.): \"Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді\" деді. ","\"Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!\" ","Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық.","Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: \"Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?\",- деда. Ол: \"Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың\" деді. ","(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының 8-ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: \"Таруя\"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа\"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: \"Нахыр\" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М.) "," Біз, оған: \"Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық: ","\"Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз\" (дедік.) ","Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді. ","Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К.) ","Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. ","Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем. ","Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. ","Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді. ","Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік.","Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар. ","Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік. ","Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық. ","Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды.","Екеуіне түсінікті кітап бердік.","Екеуіне тура жол көрсеттік. ","Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық. ","Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем. ","Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.","Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді.","Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді. ","Сол уақытта еліне: \"Алладан қорықпайсыңдар ма?\",- деді.","\"Ерекше жаратушыны қойып, \"Бағыл\" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?\" ","\"Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы!\" ","Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі. ","Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.","Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық:","\"Іляс (Ғ.С.) қа сәлем.\" ","Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. ","Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді. ","Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді.","Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық: ","Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа. ","Сосын өзгелерін жоқ еттік.","Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер. ","Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме?","Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. ","Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. (139) Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М.) ","Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті.)","Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді. ","Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:","Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді. ","Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді.","Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік. ","Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік.","Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық. ","Енді олардан сұра: \"Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме? ","Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме? ","Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді: ","\"Алланың баласы бар\" деп, олар мүлде өтірік айтады. ","Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме? ","Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер? ","Түсінбейсіқдер ме? ","Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?","Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер. ","Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды.) ","Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк. ","Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды. ","Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;)","Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар. ","Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа. ","\"Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ.\"","\"Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз.\" ","\"Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз.\" ","Олар былай дейтін еді: ","\"Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,\" ","\"Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік.\"","Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі. ","Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын: ","\"Сөз жоқ, оларға жәрдем болады.\" ","\"Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер.\" ","(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр.","Оларды көре тұр, олар да жақында көреді.","Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма? ","Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман. ","Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол. ","Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді.","Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк. ","Елшілерге сәлем! ","Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық.","Сад. Үгіт толы Құранға серт. ","Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда. ","Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді. ","Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: \"Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт\" деді. ","\"Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе.\" ","Олардың бастықтары келіп: \"Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе.\" ","\"Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол.\"","\"Арамыздан осыға ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті) Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ. ","(Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньің мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма? ","Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін. ","(Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол. ","Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді. ","Сондай-ақ Сәмұд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар: "," Барлығы да елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды. ","Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді.","Олар: \"Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет\" десті. ","(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы. ","Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (21-С. 79-А.) ","Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптуші еді. ","Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік. ","Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді. ","Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: \"Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал\" деді. ","\"Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, \"Оны маған тапсыр\" деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.\" ","Дәуіт (Ғ.С.): \"Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай\" деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды. ","Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал үшін келтірілген. Б.М.К.Х.) ","Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар. ","Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жартпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш! ","Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба? ","(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын. ","Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты. ","Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді.","\"Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін\" деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте: ","\"Оны маған қайтарып әкеліңдер\" (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (Құран Кәрим түрікше ұғымы, Диянат істері Түркия Құран ұгымы. Т-Қ.Пакістан.) ","Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. (Б.Ж.М.А.) Сосын ол, тәубе қылды. ","\"Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың\" деді. ","Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық. ","Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. (21-С. 82-А.) ","Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді. ","\"Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес. (Ерк өзіңде.)\",-(дедік.) ","Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркеи келешегі бар. ","(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйүп (Ғ.С.) гі есіңе ал. сол уақьітта Раббына: \"Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты\" деп жалбарынды. ","Оған: \"Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су\" (дедік.) ","(Әйүп Ғ.С. қолынан бала-шага, мал-мүлкі кетіп, құрт ауруға ұшыраса да қабақ шытпай сабырмен құлшылық қыла бергендіктөн, Алланың мәрхаметімен сақайып бұрынғыдан да артық халге келеді. Б.М.К.Р.) Бізден бір мәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір үгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артығымен бердік. (Әйтп Ғ.С. әйеліне кейіп, жазылсам, жүз дүре соғамын деп ант етеді. Б.Ж.М.Р.) ","\"Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!\" Шынында оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы құл. Өйткені ол, өте бойсұнушы. ","(Мұхаммед Г.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқүп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді. ","Расында Біз оларды нағыз ахиретті еске алуға арнадық. ","Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан. ","(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Іляс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді. ","Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар. ","Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар. ","Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді. ","Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар. ","Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы. ","Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы; ","Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар: ","Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын;","Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын! ","Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар.","(Қылмыстылардың бастықтарына): \"Мына топ, сендермен бірге тозаққа кірушілер\" (делінеді. Олар): \"Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді\" (дейді.)","Олар: \"Олай емес, сендерге жақсылық болмасын! Бұны бізге сендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын\" (дер.) ","Олар: \"Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!\",- дейді. ","Олар: \"Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой\" деседі. ","\"Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме?\" ","Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық.","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Шын мәнінде мен бір ескертуші ғанамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ\" де. ","\"Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы...\" ","\"Бұл бір ірі хабар\" де: ","\"Сендер Одан бет бұрсаңдар.\" ","\"Жоғары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді.\" ","\"Шын мәнінде ашық бір ескертуші болғандығынан ғана маған уахи етілуде\" (де.)","Сол уақытта Раббың, періштелерге: \"Мен балшықтан бір адам жаратамын\" деген.","\"Қашан оны жасап, оған рұхымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар\" (делінді.) ","Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды. ","Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды.","(Алла Т.): \"Әй Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?\",- деді. ","Ол: \"Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да оны топырақтан жараттың\" деді. ","(Алла Т.): \"Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың\" деді.","\"Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын.\" ","Ол: \"Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрса бер\" деді.","(Алла Т.): \"Рас сен мұрса берілгендерденсің!\" ","\"Белгілі бір күнге дейін.\" ","Ол: \"Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын\" деді.","\"Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады.\"","(Алла Т.): \"Хақиқат осы. Мен хақиқатты айтамын.\" ","\"Әлбетте тозақты сеніменен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын.\" ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін\" де. ","\"Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат!\" ","\"Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер.\" ","Бұл Қітаптың түсірілуі, тым үстем, аса дана Алла (Т.) дан. ","(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыз арнап, құлшылық қыл.","Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: \"Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз\" (дейді.) Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды. ","Егер Алла бала иемденуді қаласа еді, жаратқаньгаан тілегенін таңдар еді. Ол одан пәк. Ол Алла жалғыз, өте үстем.","Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы. ","Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі.б-С. 143-А.) сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ) үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. (22-С. 5-А. 23-С. 14-А.) Міне осы Раббыларың Алла (Т.) Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар? ","Егер қарсы келсеңдер, сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір Күнәкар, басқаның Күнәсын көтермейді. Сосын қайтар жерлері Раббылары жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі. ","Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Г.С.) оларға: \"Қарсылығыңмен біраз мәз бола түр. Сөз жоқ сен тозақтықсың\" де. ","(Ал осылар,) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақиреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? (Мұхаммед Г.С.) оларға: \"Білгендер мен білмегендер тең бола ма?\",- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Әй иман келтірген құлдарым! Раббыларыңнан қорқыңдар! Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Алланың жері кең. Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады\" деп айт. ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйрылдым.\" де. ","\"Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйрылдым\" ","\"Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын\" де. ","\"Дінімді нағыз Аллаға арнап құлшылық қыламын\" де.","\"Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандык\" де. ","Олардың үстерінде де оттан түнектер; астарынан да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар. ","Сондай бұттан, оларға табынудан аулақ болғандар, сондай-ақ Аллаға ынтамен бой ұсынғандар, олар үшін құаныш бар. сонда құлдарымды шүйіншіле. ","Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіңдер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі. ","(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба? ","Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Алланың уәдесі, Алла (Т.) уәдесінен таймайды. ","Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның сарғайғанын көресің. Сосын оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар.","Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда. ","Алла (Т.); аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды. Бұл (Құран) Алланың тура жолы. Онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші болмайды. ","Қиямет күні, жүзін жаман азаптан қоруға тырысқан кісі қандай?... Залымдарға: \"Істегендеріңнің жазасын татыңдар\" делінеді. ","Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған. Сонда оларға күтпеген жерден апат келген. ","Егер олар білген болса, Алла оларға дүние тіршілігінің қорлығын тарттырған. Әрине ахирет азабы тағы зор. ","Расында Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды, олар үгіт алу тшін келтірдік. "," Бүл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар. ","Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллаға лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сен де өлесің. Олар да өледі. ","Сосын сендер, қиямет күнінде Раббыларыңның хұзырында дауласасыңдар."]