["Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші. ","Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы. ","Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба? ","Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады. (50-С. 6-А.) ","Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік. (15-С. 16-18-А., 37-С. 6-10-А.) ","Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын. ","Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді. ","Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: \"Сендерге ескертуші келмеді ме?\",- деп, сұрайды."," Олар: \"Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік\" дейді. ","\"Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік\" дейді. ","Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын! ","Дүрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар. ","Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі. ","Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.","Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.","Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме?",") Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер ","Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен? ","Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.","Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер аллдануда ғана. ","Алла ризығын тоқтатса, сендерді көректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда. ","Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па? ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер\" де. ","Оларға: \"Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар\" де. ","Олар: \"Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?\",- дейді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын\" де. ","Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: \"Міне осы сендердің тілегендерің\" делінеді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?\",- де. ","Оларға: \"Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер\" де ","Оларға: \"Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?\",- де. ","Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің. ","Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар. ","Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің. ","Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.","Жындылық қайсыларыңда екен? ","Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі","Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.","Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М.) ","(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба; ","Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да, ","Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, ","Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мұғаияра ұлы Уәлід.) ","Бұлар малды, балалы болса да. ","Оған аяттарымыз оқылған сәтте: \"Бұрынғылардың ертегісі\" деді. ","Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т.) ","Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.","Алла қаласа демеді. ","Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды. ","Бақша қара түнектей болды. ","Сонда олар, таң сәріден дабыстады :","\"Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер\" деп. ","Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты: ","\"Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін\" деп.","Олар, ктші жете тұра таң сәріден оңаша кетті. ","Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: \"Анық адасқан екенміз;\",- десті. ","\"Жоқ, біз құр қалған екенміз\" (десті.)","Олардың орта көз қарастағысы: \"Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?\",- деді. ","Олар: \"Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз\" десті.","Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты: ","\"Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық\" десті. ","\"Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз.\" ","Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса.","Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар.","Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе? ","Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?","Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма? ","Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма? ","Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма? ","(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: \"Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен?","Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін.","Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.","Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын.","(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз. ","Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті. ","(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма? ","Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма? ","(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (37-С. 139-147-А) ","Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді. ","Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті.","Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: \"Ол анық жынды\" дейді. ","Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес. ","Болуы анық қиямет. ","Ол, болуы анық не нәрсе? ","Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?","Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды. ","Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.","Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді. ","Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің. ","Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе? ","Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен. ","Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған. ","Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық. ","Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық. ","Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте, ","Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте, "," Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады.","Сол күні, көк жарылып, босайды. ","Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді. ","Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды. ","Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; \"Алыңдар, кітабымды оқыңдар!\",- дейді.","\"Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем.\" ","Сонда ол, қуанышты тіршілікте, ","Көтеріңкі жаннатта болады; ","Жемістері салбырап тұрады. ","(Оларға): \"Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын\" (делінеді.) ","Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: \"Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді\" дейді.","\"Есебімнің не екенін білмесем екен!\" ","\"Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)\"","\"Малым, маған еш пайда бермеді.\" ","\"Күш-қуатым жойылып кетті\" (дейді.)","\"Оны ұстаңдар да байлаңдар.\" ","\"Сосын оны тозаққа салыңдар.\" ","\"Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар\" (делінеді.) ","\"Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;\" ","\"Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді.\"","Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ. ","Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ. ","Оны күнәкарлар ғана жейді. ","Сонда көрген нәрселеріңе серт; ","Және көрмеген нәрселеріңе де серт. ","Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)","Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. ","Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. ","Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген. ","Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; ","Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; ","Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.) ","Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. ","Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат.. ","Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.","Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет. ","Шүбәсыз ол Құран, анық шындық. ","(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте. ","Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (8-С. 32-А.) ","Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.","Ол азап биік дәреже иесі Алладан. ","Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады. ","(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет.","Олар қияметті ұзақ көреді. ","Біз жақын көреміз. ","Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады. ","Таулар, түтілген жүндей болады. ","Дос, достың халін сұрамайды. ","Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді; ","Әйелін де туысын да; ","Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де. ","Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді. ","Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от: ","Теріні сояды; ","Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады. ","Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады. ","Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. ","Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз. ","Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.","Бірақ намаз оқушылар басқа. ","Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды.","Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар: ","Сұрағанға да сұрамағанға да. (51-С. 19-А.) ","Тағы сондай қиямет күнін растағандар. ","Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.","Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес. ","Сондай ұятты жерлерін сақтағандар. ","Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ.","Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар.","Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар.","Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар. ","Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер. ","Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер. ","(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды? ","Оңнан, солдан топ-топ болып; ","Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме? ","Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық. ","Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді. ","Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды. ","(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын. ","Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді. ","Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн. ","Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: \"Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт\" деп, жібердік. ","(Нұх Ғ.С.): \"Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін\" деді. ","\"Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;\" ","\"Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді.\" ","(Нұх Ғ.С.): \"Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым.\" ","\"Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды.\" ","\"Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды.\" ","\"Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым.\"","\"Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым.\" ","(Сондай-ақ оларға): \"Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы.\" дедім. ","\"Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.\" ","\"Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.\" ","\"Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?\" ","\"Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты.\" ","\"Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?\"","\"Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.\" ","\"Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді.\"","\"Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады.\" ","\"Алла сендерге жерді төсеніш қылды.\" ","\"Оның кең жолдарында жүрулерің үшін.\" ","Нұх (Ғ.С.): \"Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті.\" ","\"Олар зор айлакерліктер істеді.\" ","Және олар: \"Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар\" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары.)","\"Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр.\" ","Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады. ","Нұх (Ғ.С.): \"Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма\" деді. ","\"Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады; ","\"Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр\" деді.","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді\" де. Сонда жындар: \"Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық\" деді. ","\"Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз.\" ","\"Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді.\" ","\"Өйткені біздің ахымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен.\" ","\"Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаган едік.\" ","\"Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (Құлазыған иен даланың қорғаушысы жын деп сиынатындар болған. Б.Ж.М.)","\"Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді.\" ","\"Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық.\" ","\"Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді\" (15-С. 17-18-А.)","\"Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?\" ","\"Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік.\" ","\"Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.\" ","\"Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды.\" ","\"Бізден Мұсылмандар да туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді.\"","\"Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады.\" ","(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз; ","Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады. ","Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар. ","Расында Алланың құлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады... ","(Мұхаммед Ғ.С.): \"Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын\" де.","\"Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын\" де.","\"Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды да мен де Одан өзге пана таба алмаймын.\" ","\"Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.\"","Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін\" де. ","Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. ","Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; ","Олардың, Раббыларының міндеттеиелерін анық жалғастыргандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған. ","Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)!","Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта; ","Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.","Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған. А.Т.Х.) ","Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз.","Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы...","Расында күндіз сенің ұзын жұмысын бар. ","Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел. ","Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт. ","Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл. ","Жасынға шығүрушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер. (43-С. 23-А.) ","Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар. ","Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар. ","Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады. ","Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік. ","Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық. ","Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар. ","Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады. ","Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды.","(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","(Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: \"Жабыңдар, мені жабыңдар\" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы! ","Түр енді! Адамдарға ескерт!"," Раббыңды ұлықта! ","Киіміңді тазала! ","Әр түрлі лас істерден аулақ бол! ","(Қылған ісіңді) көп міндет қылма. ","Раббың үшін сабыр ет.","Қашан Сұр ұрілсе; ","Міне сол күн, өте ауыр күн. ","Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Құрайш руынан Мұғайяра ұлы Уәлит Құранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т.) ","Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста.","Оған көптеген мал бердім. ","Әзір тұратын ұлдар бердім.","Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым. ","Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті. ","Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді.","Жақында оны өрге зорлаймын. ","Өйткені ол, ойластырып, шамалады. ","Сосын ол өлгір, қалай шамалады?","Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі? ","Сосын ол, қарады.","Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды. ","Сосын ол, теріс айналып паңданды. ","Сонда ол: \"Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр\" деді.","\"Бұл, адамның ғана сөзі.\"","Оны жағатын тозаққа саламын. ","Ол тозақтың не екенін қайдан білдің?","Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. ","Ол, адам терісін өртеп кетеді. ","Оған он тоғыз (періште) қарайды. ","Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: \"Алла, бүл мысалмен нені қалайды?\",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат.","Жоқ олай емес. Айға серт, ","Қайтқан сәтте, түнге серт,","Ағарған сәтте, таңға серт. ","Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі. ","Адамдар үшін ескерту. "," Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту. ","Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (52-С.21-А.) ","Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (56-С. 27-А.) ","Олар жаннаттарда сұрасады! ","Қылмыстылардан; ","\"Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?\"","Олар: \"Біз намаз оқушылардан емес едік.\" ","\"Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік.\"","\"Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік.\" ","\"Қиямет күнін өтірік деген едік.\" ","\"Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді\" дейді.) ","Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді. ","Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды? ","Олар мүлде үріккен құлан сияқты; ","Арыстаннан қашқан... ","Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды. ","Жоқ, олар ахиреттен қорықпайды. ","Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат. ","Кім қаласа, одан үгіт алады. ","Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі.","Жоқ, қиямет күніне ант етемін. ","Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. ","Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма?","Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз.","Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді ","\"Қиямет күні қашан болады?',- деп, сұрайды. ","Қашан көз шағылысқан, ","Ай тұтылған, ","Күн мен ай бір араға келтірілген кезде. ","Адамдар сол күн: \"Қашар жер қайда?\",- дейді. ","Жоқ, әсте пана жоқ. ","Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды. ","Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (36-С. 12-А.) ","Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші: ","Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.) ","(Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа.","Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет.","Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. ","Сосын оны түсіндіру Бізге міндет. ","Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер.","Ақиретті тастап, қоясыңдар. ","Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап; ","Раббына қарайды. ","Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.","Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды. ","Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде; ","\"Кім шара көреді?\",- делінеді. ","Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді. ","Балтыры, балтырына оралады. ","Ол күні Раббы жаққа айдалады. ","Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады. ","Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды.","Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті. ","Саған пәле келсін, ","Сосын сені пәле басқыр! ","Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? ","Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе?","Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. ","Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты. ","Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге югші жетпей ме? ","Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме? ","Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық. ","Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін.","Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаган тозақ әзірледік.","Әрине жақсылар, жаннатта: \"Кәфүр\" қосылған кеседен ішеді. ","Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау.","Ол Алланың құлдары \"нәзірін\" орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады.","Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. ","Олар: \"Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.\" ","\"Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз.\" (дейді) ","Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді. ","Оларды сабыр еткендіктері үшін ұжмақ және жібекпен сыйлайды.","Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді. ","Оларға бейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.","Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады. ","Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады. ","Бейіште оларға \"Зәнжәбил\" араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі. ","Ол, бейіште \"Сәлсәбил\" деп аталатын бір бастау бар.","Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың. ","Сол жерге қараған сәтте; нығымет, зор салтанат көресің. ","Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді. (37-С. 45-47-А., 47-С. 15-А., 56-С. 17-19-А.)","\"Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды.\" ","(Мұхаммед Ғ.С.) расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік.","Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба. ","Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет. ","Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте. ","Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды. ","Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз. (Оларды жоқ етіп, басқа сондай ел жарата аламыз.) (56-С. 60-А.) ","Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар. ","Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі. ","Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады. ","Жалғасты жіберілгендерге, ","Қатты есіп, ұшырушыларға, ","Тарқатқан сайын тарқатушыларға, ","Айырған сайын айырушыларға, ","Сосын зікір тастаушыларға, ","Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...) "," Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады. ","Жұлдыздар сөнген сәтте, ","Көк жарылғанда, ","Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,","Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде; ","Қайсы күнге кешіктіріліп еді? ","Шешім күніне. ","Ол шешім күнін қайдан білесің? ","Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш! ","Бұрынғыларды жоқ етпедік пе? ","Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз. ","Күнәкарларға осылай істейміз. ","Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш! ","Сендерді болымсыз судан жаратпадық па? ","Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе? ","Белгілі бір мерзімге дейін. ","Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз. ","Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш! ","Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?","Тірілерге де өлілерге де.","Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.","Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! ","(Ол күні оларға): \"Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;\" ","\"Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер\" (делінеді.)","Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды. ","Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады. ","Сары түйелердей. ","Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! ","Ол күні олар сөйлемейді. ","Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді.","Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! ","Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз. ","Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар. ","Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! ","Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады. ","Көңілдері соққан жемістерде.","(Оларға): \"Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын\" (делінеді.)","Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз. ","Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! ","(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар. ","Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш!","Оларға: \"Иіліңдер\" делінсе, иілмейді. ","Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!","Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді? "]