["Сол пайғамбарлардың кейбіреулерін кейбіреулерінен артық қылдық. Алла олардың кейбірімен сөйлескен, кейінің дәрежелерін көтерген. Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға ашық мұғжизалар бердік те оны жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Егер Алла қаласа, өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін олар, пайғамбарлардан соң соғыспас еді. Бірақ олар қайшылыққа түсті. Сонда олардың кейі иман келтірді де кейі қарсы шықты. Егер Алла қаласа, олар бірін- бірі өлтірмес еді. Бірақ Алла қалағаның істейді.","Әй мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын Алла жолында жұмсаңдар. Ал қарсы болушылар, олар залымдар. ","Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (Алла тағаланың екі аяғына арналған орын) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор. ","Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонла ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.","Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәңгі қалады. ","(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне Алла патшалық берді деп, Ыбырайым (Ғ.С.) мен Раббы жайында таласқанын көрмедің бе? (Бұл Құдаймын деген бабыл патшасы Намрұд) Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «раббым өлтіреді де тірілтеді» деді. Ол: «Мен де өлтіремін де тірілтемін» деп, (өлімге бұйырылған біреуді қоя беріп, жазықсыз біреуді өлтіртеді) Ыбырайым (Ғ.С.): «Расында Алла күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан келтірші» деді. Сонда кәпір абыржып қалды. Алла залым елді тура жолға салмайды. ","Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? (Бұл Ғұзайыр Ғ.С.) Ол: «Алла бұны өлгеннен кейін қайтып тірілтеді?»,- деді. Алла оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?»,- деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлімі жаттым» деді. (Алла): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз» деді. (Ғұзайыр Ғ.С. шіріген сүйектердің құдыретше құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді.) Бұл жағдайлар оған ашықша білінгенде: «Сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші жететінін білдім» деді. ","Сонау заманда Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді. (Алла): «Маған сенбейсің бе?»,- деді. (Ыбырайым Ғ.С.): «Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын» деді. (Алла Т.): «Құстардан төртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп, (сойып араластыр.)Сонсоң әр атудың басына бір бөлшегін қой да сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Алланың өте үстем хикмет иесі екенін біл» деді. (Ыбырайым Ғ.С.) бұйырылғанды орындады. Алланың әмәрә бойынша құстар тіріліп келді. (Бұлар: Тауыс, кептер, қарға, қораз делінген. Толық мәлімет тәпсірлерде.)","Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші.","Сондай хайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) олаға Раббыларының хұзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды. ","Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту араласқан садақан жақсы. Алла (Т.) бай, жұмсақ. ","Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды","Сондай малдарын Алланың ризалығын тілеп, өз көңілдерін бекіту үшін Алла жолында сарып қылғандардың мысалы: Көтеріңкі жердегі нөсер жауып екі есе өнім берген бақша тәрізді. Сонда оған жаңбыр тимей, дымқыл тисе де өнім береді. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші","Сендердің біреулерің, астарынан өзендер шығатын: Құрмадан, жүзімнен әрбір жемістері бар бақшасы болса да өзіне кәрілік жетіп, нашар жас балалары болса, сонда ол бақшаны жалынды құйын келіп өртеп кетуін қалай ма? (Әрине қаламайды) Алла (Т.) түсінерсіңдер деп аяттарын өстіп баян етеді.","Әй мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді жұмып әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Алла жолында беруді ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы.","Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты әмір етеді. Ал Алла (Т.) сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла аса кең, толық білуші.","Алла (Т.) хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады. ","Алла жолында не берсеңдер немесе бір нәзір атасаңдар, күдіксіз Алла оны біледі. Және залымдар үшін ешбір әрдемші болмайды. (Берілген садақалармен аталған нәзірдің қай ниетпен болғанын Алла біледі де қарсы болушыларға жәрдем етілмейді.) ","Егер садақаларды көрнеу берсеңдер, сонда ол қандай әйбет. (басқаларға жетекшілік болады) Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін сондада жақсы. (Алушының абыройы қорғалып, мақтан араласпайды.) Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ Алла істегендеріңді толық білуші. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларды тура жолға салу саған міндет емес. Бірақ Алла кімді қаласа, тура жолға салады. Ненде хайыр берсеңдер де сонда өздерің үшін; Алланың ризалығын тілеп қана берсеңдер, Алла жолында беретін хайыр өздеріңе толық төленеді әрі сендерге әділсіздік етілмейді. ","Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ таныйсың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не хайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі. ","Сондай малдарын күндіз- түні көмес және көрнеу Алла жолында жұмсағандар, сонда оларға Раббыларының сыйлықтары бар. Сондай-ақ оларға қорқу және әрі олар қайғырмайды","Сондай өсім жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұп олардың: \"Сауда да бейне өсім\" дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне солар тозақтық. Олар онда мәнгі қалады. ","Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді. ","Негізінен иман келтіріп ізгі іс істегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларынын қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әрі олар қайғырмайды","Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (Аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар). ","Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұн ы Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және  зұлымдыққа   ұшыра  маған боласыңдар. ","Ал егер борышты, ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сендер  үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар. ","Аллаға қайтарылатын, сонсоң әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін күннөн сақсыныңдар.  ","Әй  мүміндер! Егер белгілі бір  мерзімге дейін бір-біріңе борыштансаңдар, сонда оны жазыңдар. Араларыңда бір хатшы дұрыс жазсын. Сондай-ақ хатшы Алланың оған  үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кісі жаздырсын. Раббы болған Алладан қорықсын әрі одан еш нәрсе ке мітпесін. Сонда егер борышты есалаң не нашар (жас бала я кәрі) немесе жаздыра а лмайтын (сақау т.б.) болса, оның иесі тура жаздырсын, Еркектеріңнен екі айғақ қойыңдар. Егер еркек болмаса онда өздерің  ұнатқан айғақтардан бір еркек, екі әйел болады. Егер екеуініц бірі жаңылса, екіншісі оның есіне салады. Куәлер шақырыяған сәтте бас тартпасын. Аз, көп болса да белгілі  мерзімгө  дейін жазудан ерінбеңдер . Осыларың Алланың қасында туралық; куәлік үшін  мыктырақ және күдіктенбеугө де жақынырақ. Бірақ та өзара қолма-қол алып, беретін әзір сауда болса, жазбауларыцның оқасы жоқ. Саудаласқан кезде айғақ қойыңдар, Хатшы да айғақ та зиянға  ұшыраты лмасы н . Егер оны істесеңдер, рас күнәлы боласыңдар, Алладан қорқыцдар. Әрі Алла сендерге  үйрөтөді. Сондай-ақ Алла (Т.) әр нәрсені толық білуші. ","Ал егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда борыштыдан бодау алуға болады. Егер біріңе-бірін сенсеңдер, (бодаусыз берілсе) сенілген жақ аманатын тапсырсын. Сондай-ақ Раббы Алладан корықсын. Куәлікті (көргөндөріңді) жасырмаңдар. Кім оны жасырса жүрегі күнәкар болады. Алла не істегендеріңді толық біледі.","Көктердегі және жердегі нәрселер Алланікі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады. Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетеді. ","Пайғамбар өзіне раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың» деді. ","Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!» ","              ӘлифЛәм Мим. ","Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) саған, алдындағыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді түсірді. ","Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие. ","Шын мәнінде Алла (Т.) ға жердегі, көктегі еш нәрсе жасырын емес. ","Ол сондай Алла (Т.) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі ","Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағналы аяттары бар. Солар Кітаптың анасы (негізгі) ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді. ","Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің","Раббымыз! Расында Сен күдіксіз келетін бір күнде адамдарды жинаушысың. Сөз жоқ, Алла уәдесінен айнымайды. ","Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары. ","Әдетері; Перғауынның сыбайластарыныкі және олардан бұрынғылардікі тәрізді. Олар аятттарымызды жасынға шығарған. Сонда Алла оларды күнәлары себепті азаптаған. Алланың азабы қатты. ","(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: «Тез жеңілесіңдер де тозаққа жиналасыңдар. Нендей жаман орын.» де ","(Бәдір соғысындағы) екі топтың қарсыласуында сендерге бір ғибрат бар. Бір топ Алла жолында соғысады. Екінші жақ қарсы еді. Олар Мұсылмандарды, көздерімен, өздеріндей екі есе көруде еді. (Негізінде Мұсылмандар, үш жүз он үш, кәпірлер мыңдай еді) Алла кімді қаласа, өз жәрдемімен қолдайды. Расында бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар. ","Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендерге бұларыңнан да жақсы нәрседен хабар берейін бе?»,- де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынан өзендер ағатын, онда мәңні тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Алланың ризалығы бар. Алла (Т.) құлдарын толық көруші. ","Сондай : «Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізды жарылқа да от ғазабынан сақта» дегендер; ","Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Алла жолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқану тілеушілер, (таң намазын оқушылар,) ","Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді. ","Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас- тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. ","(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Өзімді Аллаға тапсырдым әрі маған ергендерді де» де. Сондай-ақ кітап берілгендерге де надандарға да: «Исламды қабыл еттіңдер ме?»,- де. Егер олар исламды қабыл етсе, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, саған жалғастыру ғана міндет. Алла құлдарын нақ көруші. ","Алланың аяттарына қарсы келгендер және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты әмір еткендерді өлтіргендер, соларды күйзелтуші ғазаппен шүйіншіле. ","Міне солар дүниеде де ақиретте де ғамалдары жойылғандар. Сондай-ақ олар үшін жәрдемші жоқ","(Мұхаммед Ғ.С.) сондай кітаптардан үлес берілгендердің араларына үкім беру үшін Алланың Кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Соңсоң олардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай- ақ олар ұдайы бет бұрушы. ","Бұл олардың: «Бізге тозақ оты, санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нәрселері оларды алдады. ","Болуы шәксіз күнде жинағанымызда сондай-ақ әркімге әділетсіздік етілмей еңбектері толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?….(","(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт. ","Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің….. ","Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да жирияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» де. ","Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Алла сендерді өзі сақсындырады. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ. ","(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де. ","Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді","Негізінен Алла (Т.) Адам мен Нұх (Ғ.С.) ты және Ыбырайым (Ғ.С.) мен Ғымранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды. ","(Бұлар) бір- бірінен тараған ұрпақ. Алла әр нәрсені естуші, білуші. ","Ғымранның жұбайы (фақуза қызы Ханна): «Раббым! Ішімдегіні азат қылған түрде Саған арнадым, менен қабыл айла! Расында Сен өзің аса естуші, білушісің» деді. ","Сонда ол, қыз тапқан сәтте: «Раббым! Шынында мен қыз таптым» деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл, қыздай емес. «Мен оның атын Мәрйем қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын» деді. ","Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірді және оған Зәкерияны (Ғ.С.) ие қылды. Зәкерия оның хұжырасына әр кіргенде оның қасында көрек тапты. «Әй Мәрйем! Осы саған қайдан келді?»,- деді. Мәрйем: «Ол Алланың қасынан, шәксіз Алла қалаған құлын есепсіз ризыктандырады» деді","Сол арада Зәкерия (Ғ.С.) Раббына жалбарынды: «Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шәксіз Сен тілекті естушісін» деді. ","Зәкерия (Ғ.С.) хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: «Расында Алла (Т.) саған, Алладан болған әмірді (Ғиса Ғ.С.ды) растаушы, ел ағасы, нәпсіне ие, игілерден бір Пайғамбар болатын Яхьямен қуанышқа бөлейді» деп дауыстады. ","(Зәкерия Ғ.С.): «Раббым! Менің ұлым қалайша болады? Негізінен өзіме кәрілік жетті. Әйелім бедеу» деді. «осылайша Алла қалағанын істейді» (делінген жауап алды.) ","«Раббым! Маған бір белгі көрсет» деді. «Белгің; үш күн адамдармен ымдап қана сөйлесуің. Раббыңды көп зікір ет те ертелі- кеш дәріпте» деді. ","Сол уақытта періштелер: «Әй Мерйем! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды» деді. ","«Әй Мәрйем! Раббыңа бой ұсын, сәжде ет және рүкүғ қылушылармен бірге рүкүғ қыл.» ","(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұл саған біз уахи етіп отырған көмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мәрйемге ие болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің. ","Сол уақытта періштелер: «Әй Мәрйем! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса мәрйем ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді. ","Бесікте және ержеткенде адамдарға сөйлейді. Әрі игілерден болады. ","Мәрйем: «Раббым! Маған бір адам тиіспесе сонда балам қалайша болады!»,- деді. (Періштелер): «Солайша Алла қалағанын жаратады» деді. Қашан бір істің болуын қаласа, тек қана оны «бол» дейді, Сонда ол, бола қалады. ","Алла (Т.) оған кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілді үйретеді","Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші қылады: «Шын мәнінде сендерге раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығынша құс болады. Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңнан хабар беремін. Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар.» ","«Сондай-ақ сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әрі Раббыларыңнан сендерге арам етілген кей нәрселерді халал ететін аят келтірдім. Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар» (деді.) ","«Негізінен Алла менің де Раббым, сендердің де раббыларың. Оған құлшылық қылындар, тура жол осы» "," Сонда Ғиса (Ғ.С.) олардан қарсылық сезген кезде: «Алла жолында жәрдемшім кім?»,- деді. Хауарилер: «Біздер Алла үшін көмекшіміз,Аллаға иман келтірдік, куә бол, шынайы мұсылманбыз» деді. (Хауарилер он екі кісі еді.) ","«Раббымыз! Түсіргеніңе иман келтіріп, Пайғамбарға ердік; енді бізді куә болушылар мен бірге жаз» ","Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы. (Яһудилер Ғиса (Ғ.С.) ны өлтіру үшін айлакерлік жасады. Алла (Т.) амалын тауып, олардың біреуін Ғиса (Ғ.С.) ға ұқсатты. Олар соны өлтірді. ) ","Сол уақытта Алла: «Әй Ғиса! Сені Мен алушымын! Сондай-ақ өз тарапыма көтерушімін әрі қарсы болғандардан тазартушымын да саған ілескендерді қияметке дейін қарсы болғандарға үстем қыламын. Сонсоң қайтар жерлерің Мен жақ! Сонда таласқан нәрселеріңе үкім беремін» деді. ","«Ал енді сондай қарсы елгендерді, дүниеде де ахиретте де өздерін қатты азаппен қинаймын әрі олар үшін ешбір жәрдемші болмайды» ","Және сонадй иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сондай олардың сыйлықтары толық беріледі. Алла залымдарды жақсы көрмейді. ","(Мұхаммед Ғ.С.) міне осыны саған аяттардан, хикметті насихаттардан оқимыз. ","Шын мәнінде Алла қасында Ғиса (Ғ.С.) ның жағдайы: Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адам (Ғ.С.) ның жағдайы сияқты. ","(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңнан бір хақиқат. Енді күдіктенушілерден болма. ","Ал Ғиса ( Ғ.С.) жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын! Деп қарғасайық» де. ","(Нажыраннан келген дін басшыларына: «Егер Ғиса (Ғ.С.) жайындағы сенімдерің рас болса, бала- шағаларымызбен жиналып, Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын!»,- деп, (Мұхаммед Ғ.С.) Фатыма, Хасан, Хұсайынды ертіп шыққан екен.) Расында осы (Ғиса Ғ.С.ға байланысты) қиссалар әлбетте шындық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Шын мәніде Ол Алла, аса үстем, тым кемеңгер. (Бұл Христиандардың үш элементтік сенімдеріне тойтарыс.) "," Егер олар (Алланы бірлеуден) бет бұрса, Алла бұзақыларды біледі","(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шіксіз біз Мұсылман болдық» деңдер. ","Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшін таласасыңдар? Негізінен Інжіл де тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдар ма? ","Ал сендер мәліметтерің болған нәрсеге таластыңдар ғой. Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар? Алла біледі, сендер білмейсіңдер. ","Ыбырайым (Ғ.С.) Яһуди де, Христиан да емес еді, нағыз Мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді. ","Расында адамдардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға ең жақындары; оған ергендер мен осы Пайғамбар (Мұхаммед Ғ.С.) және де мүміндер. Алла мүміндердің иесі. ","Кітап иелерінің бір тобы, сендерді адастыруды қалады. Олар, өздерін ғана адастырады. Бірақ олар аңғармайды","Әй Кітап иелері! Өздерің көріп, біле тұра, Алланың аяттарына не үшін қарсы келесіңдер? ","Әй Кітап иелері! Не үшін шындықты, бұзықтықпен араластырып, біле тұра хақиқатты жасырасыңдар? ","Кітап иелерінің бір тобы, (өзара): «Мүміндерге түсірілген Құранға күндіздің алдында (таңертең) иман келтіріп, күндіздің соңында (кешке жақын) қарсы шығыңдар. Мүмкін олар күдіктеніп, діндерінен) қайтар» десті. ","Ал және олар: «­Өз діндеріңе ергендерге ғана сеніңдер» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Расында Алланың жолы тура жол» деп айт.(Тағы олар өзара ): «Сендерге берілгендей ешбіреуге берілетіндігіне немесе олардың, Раббыларыңның жанында сендерге дәлелдейтіндіктеріне де сеңбендер» десті. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Шын мәнінде кеңшілік Алланың қолында, Ол кімді қаласа, соған береді. Сондай-ақ Алла аса кең, әр нәрсені білуші» деп айт. ","Ол, қалаған кісісіне мәрхаметін арнайды және Алла зор кеңшілік иесі.","(Мұхаммед Ғ.С.) кейбір Кітап иелеріне, толып жатқан нәрсе аманат қойсаң да, саған өтейтіндері бар. Тіпті бір динар аманат берсең де, ұдайы басында қақшыйып тұрсаң, әрең беретіндері де бар. Оның себебі олардың: «надандар (Яһуди болмағандар) жайында бізге тергеу жоқ» дегендіктерінен. Сондай-ақ олар Аллаға біле тұра өтірік айтады. ","Олай емес! Кім өз уәдесін орындаса, Алладан қорықса, расында Алла (Т.) тақуаларды жақсы көреді. ","Негізінен сондай Аллаға берген серттерімен, анттарын аз ақшаға (дүниеге) айырбастағандар, міне солардың ахиретте бір сыбағасы жоқ. Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар. ","Расында кітап иелерінен бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады. ","Алла адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ: «Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» (деулері лайық) ","Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тәңір жасап алыңдар!»,- деп бұйырмайды. Сендерді Мұсылман болғаннан кейін қарсылыққа бұйыра ма? ","Сол уақытта Алла (Т.) пайғамбарлардан: «Сендерге Кітап, хикмет бердім, соңыра жаңдарыңдағыңы растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иман келтіріп, әрине оған жәрдем етесіңдер! Мойындап ауыр міндетімді қабыл алдыңдар ма?»,- дегенде, олар: «Қабыл алдық!»,- деген. (Алла): «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын» деген"," Ал, сонда бұдан кейін кім бет бұрса, міне солар бұзақылар. ","Олар, Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондай-ақ олар, ол жаққа қайтарылады. "," (Мұхаммед Ғ.С.): «біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз» де. ","Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады. ","Аллаға иман келтіріп, шын мәнінде Пайғамбардың хақтығына куә болғаннан әрі оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін қарсы шыққан қауымды Алла қалайша тура жолға салады?  Алла залым елді тура жолға салмайды. "," Міне солардың жазалары: Шәксіз оларға Алланың, періштелердің әрі біртұтас адамдардың қарғысы болады. ","Олар қарғыста мүлде қалады да олардан азап жеңілтілмейді және оларға назар аударылмайды. ","Бірақ сондай иман келтіріп, сонсоң тәубе еткендер және де ғамалдарын түзелткендер басқа. Расында Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді","Ал сондай иман келтіргеннен кейін қарсы болғандар және қарсылықтарын арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды. Міне солар, жолдан адасқандар. ","Негізінен қарсы келіп, кәпір күйінде өлгендер, олардың әрбіреуі жер жүзі толы алтын төлесе де әсте қабыл етілмейді. Міне солар үшін күйзелтуші азап бар. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ","Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т.) оны толық біледі. "]