["Олар не нәрседен сұрасады? ","Зор уақиғадан. ","Олар, ол жөнде таласуда. ","Әсте олай емес, олар тез біледі.","Тағы олай емес, олар тез біледі. ","Жерді бір төсеніш қылмадық па?","Тауларды қазық... (77-С. 27-А.) ","Сендерді жүп-жүп жараттық. ","Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. ","Түнді жамылғы қылдық. ","Күндізді тіршілікке жараттық.","Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық. ","Жарқыраған шырақ (күн) жараттық. ","Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық. ","Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін; ","Және ну бақшалар... ","Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім. ","ұрілген күні, топ-топ келесіңдер. ","Көктер сетінеп есіктер пайда болады.","Таулар жүргізіліп, сағым болады. ","Әлбетте тозақ күтіп тұрады; ","Азғындардың барар жері. ","Олар онда ғасырларша тұрады. ","Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. ","Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.","Қылмыстарына сай бір жаза. ","Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді. ","Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді. ","Әр нәрсені жазып, сақтадық. ","\"Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз\" (делінеді.) ","Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. ","Бақшалар, жүзімдер бар. ","Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.) ","Толып, тасыған кәсе бар. ","Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;","Раббыңнан толық бір сыйлық. ","Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды. ","Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді. ","Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.","Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: \"Әттең! Топырақ болып кеткен болсам\" дейді. ","Сүңгіп шығарушы, ","Баяу тартушы, ","Малтап кетуші, ","Жарысып озушы, ","Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт. ","Ол күні қатты сілкініс болады. ","Оның артынан тағы бір сілкінеді. ","Ол күні жүректер тітірейді. ","Көздері төмен қарайды. ","(Олар): \"Шын, қайта тірілеміз бе?\",- дейді. ","\"Қоқым, сүйек болған сәтте де?\" ","(Олар): \"Ендеше ол қайғылы бір қайту екен\" дейді. ","Негізінен ол, бір айғай ғана. ","Дереу сол уақытта олар майданда. ","Саған Мұсаның хабары келді ме? "," Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі \"Тұуа\" ойпатында дабыстады: ","\"Перғауынға бар. Өйткені ол, азды.\"","Сонда оган: \"Тазарғың келе ме?\",- де. ","\"Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың\" ","Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті. ","Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты. ","Кейін теріс айналып, жүгірді.","Адамдарды жинап, айғай салып: ","\"Мен сендердің ең ұлы раббыларың\" деді. ","Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды. ","Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.","Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.","Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді. ","Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды. ","Сосын жерді төседі. ","Одан су және жайылыс майданға келтірді. ","Оған таулар орналастырды. ","Сендер және малдарың пайдалану үшін. ","Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте; ","Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады. ","Тозақ, көретіндерге көрсетіледі. ","Ал енді кім шектен шыққан болса, ","Оған дүние әсер еткен болса, ","Сонда рас оның орны тозақ.","Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса, ","Негізінде оның барар жері ұжмақ ","(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған \"Қиямет қашан болады?\",- деп сұрақ қояды. ","Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе?","Оны қортындысы, Раббыңа байланысты. ","Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың. ","Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.","Қабақ шытып,бет бұрды; ","Оған соқырдың келуімен. ","Қайдан білесің,мүмкін ол тазарар?","Не үгіт алар,оған үгіт пайда берер. ","Ал енді байсынған;(Құрайш бастықтары) келсе,","Оған көңіл бөлесің. ","Ол тазармаса саған не? ","Ал енді саған жұгіріп келген біреу;","Ол,(Алладан) қорқады. ","Сонда да оған селқос қарайсың. ","Жоқ,олай емес.Әлбетте Құран бір насихат. ","Сондықтан кім қаласа,үгіт алады. ","Құрметті нұсқаларда жазулы, ","Жоғары бағаланған тап-таза; ","Елшілердің қолында,","Ардақта,игі.(Періштелер;Лаухы Махфуздан көшірген.Б.Ж.Х) ","Жаны шықсын) Оған,адам баласы қалай қарсы?","Алла адамды не нәрседен жаратты? ","Бір тамшыдан жаратып,оны бейнеледі. ","Сосын оның жолын оңайластырды. ","Кейін оған өлім біріп,оны қабырға қойдырды. ","Қалаған сәтте,оны тірілтеді. ","Жоқ,ол Алланың әмірін орындамады. ","Ал енді адамзат,жеген тамағына бір көз салсын.","Әрине мол су бердік. ","Сосын қара жерді қақ айырдық. ","Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік.","Жүзімдер,жоңышқалар, ","Зәйтіндер,құрмалар, ","Ну бақшалар, ","Жемістер,өлеңдер; ","Сендер әрі малдарың пайдалану үшін. "," Ал енді қатты дауыс келген сәтте; ","Сол күні,кісі туысынан қашады; ","Шешесінен,әкесінен ","Әйелінен және балаларынан. ","Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек.) ","Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды, ","Күлген қуанышты.","Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады; ","Оны қара түнек қаптаған болады. ","Міне солар,қарсы келген бұзақылар. ","Күн бүктелген сәтте, ","Жұлдыздар солып шашылған сәтте, ","Таулар жүркізілген сәтте,","Қаймал іңгендер ,иен жіберілген сәтте, (Сол күннің зардабынан бошалған түйе де естен шығады.) ","Жан-жануарлар жиналған сәтте, ","Теңіздер қайнатылған сәтте,","Жан тәнмен бірлестірілген сәтте, ","Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте, ","Қай күнәмен өлтірілді? ","Даптердер ашылған сәтте, ","Аспан ашылған сәтте, ","Тозақ қыздырыдған сәтте, ","Ұжмақ жақындатылған сәтте; ","Әркім не әзірлегенін біледі. ","Жоқ,солғындаған жұлдыздарға серт, ","Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант.","Қараңғылана бастаған түнге серт, ","Ағара бастаған таңға серт; ","(Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (69-С.40-А)","Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді, ","Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С) ","Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С) жынды емес. ","Расында ол,оны ашық көк жиекте көрді.(Мұхаммде Ғ.С Жебрейіл Ғ.Сды шығыс көк жиекте көрген.Б.Ж.М.)","Мұхаммед (Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (Б.Ж.М.)","Құран,қуылған шайтанның сөзі емес. ","Ендеше,Қайда кетіп бара жатырсыңдар? ","Құран,бүкіл әлемге нәсихаттан басқа еш нәрсе емес. ","Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін;","Әлемдердің Раббы Алла,қаламайынша тілеулерің жүрмейді. ","Көк жарылған сәтте, ","Жұлдыздар төгілген сәтте, ","Теңіздер тасыған сәтте, ","Қабырлар қопарылған сәтте, ","Әркім ілгері не жіберілгенін,кейін не қалдырылғанын біледі.","Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? ","Ол сондай Алла,сені жаратты.Толықтап теңестірді.","Ол,сені қалаған бейнеде құрастырды. ","Жоқ,олай емес,дінді өтіріксінесіңдер. ","Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. ","Ардақты жазушылар, ","Олар не істегендеріңді біледі. ","Шын мәнінде ізгілер,әлбетте нығымет ішінде болады. ","Негізінен бұзықтар тозақта болады. ","Олар қиямет күні тозаққа салынады. ","Олар,одан ғайып бола алмайды. ","Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің? ","Я,қиямет күннің не екенін қайдан білесің. ","Ол күні,Біреуге біреу қараяласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні,әміп Аллаға тән. (28-С.88-А.)","Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш! ","Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да;","Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді. ","Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?","Ол зор күн үшін ; ","Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады. ","Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады.","Төменгі орынның не екенін қайдан білесің? ","Ол жазулы бір кітап. ","Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш! ","Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер.","Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді. ","Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді. ","Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты.","Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады.","Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді. ","Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді. ","Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады. ","Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің? ","Ол жазулы бір кітап. ","Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды.","Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады. ","Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды. ","Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың.","Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады.    ","Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын.","Оның қоры, Тәсним бастауынан. ","Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді.","Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді. ","Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді.","Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді.","Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : «Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді. ","Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді. ","Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі.","Олар тақтардың үстінде қарайды; ","«Кәпірлер,істегендерінің пайдасын көрді ме?» ","Аспан жарылған сәтте, ","Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде, ","Жер созылған сәтте,","Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте, ","Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде;","Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың. ","Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; ","Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі.","Ол,үй ішіне-қуанып кайтады. ","Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе;","Сонда ол,дереу өлім шақырады. ","Қайнаған тозаққа түседі.","Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді. ","Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады.","Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді. ","Жоқ,шапақ уақытына, ","Түнге әрі ішіндегі нәрсеге, ","Толған айға серт. ","Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер.","Сонда оларға иман келтірмейтін не болды?","Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды. ","Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді. ","Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі. ","(Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле.","Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар. ","Жұлдызды аспанға ант, ","Уәделі күнге, ","Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт. ","Жер ошақшылардың жаны шықсын! ","Отынмен жанған от. ","Ол уақытта олар оның маңында отырған; ","Олар,мүміндерге істегендерін көрген. ","Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар.)","Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші.","Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар. ","Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік.","Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты. ","Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді. ","Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші. ","Ғаршының иесі,аса ұлы. ","Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші. ","(Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме? ","Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ? ","Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде. ","Алла,оларды сырттай орап алған. ","Әрине ол,ұлы бір Құран. ","Лаухы Махфұзда сақтаулы. ","Аспанға,Тарыққа серт. ","(Мұхаммед Ғ.С) Тарық не екенін қайдан білесің? ","Ол,жарқыраған жұлдыз. ","Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (11С.56А.) ","Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын; ","Бір атылып шыққан судан жаратылған. ","Ол,бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады. ","Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие.","Сол күні сырлар ашылады. ","(Ол күні) адам баласына күш те көмекші де болмайды.","Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт. ","Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт. ","Негізінен Құран бір билік сөз. ","Ол,бір сықақ емес. ","Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде. ","Сығандығына шара көремін.","(Мұхаммед Ғ.С) қарсы келушілерге мұрсат беріп,аз еркіне қой. ","(Мұхаммед Ғ.С) ұлы Раббыңның атын дәріпте. ","Ол сондай Алла; жаратып,толықтаған,","Ол сондай Алла,шамалап оңғарған. ","Ол сондай Алла,жайылысты жаратқан. ","Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған. ","(Мұхаммед Ғ.С) саған Құран оқытамыз ; сонда оны ұмытпайсың. ","Бірақ,Алланың қалағаны босқа. Негізінде Ол,көрнеу,көместі біледі.(2С,6А)","Саған оңай болғанды қолайластырамыз. ","Пайда береті болса,насихат ет. ","Әлде кім Алладан қорықса,үгіт алады. ","Сорлы болғандар одан бой тежейді. ","Ол,сондай зор тозаққа салынады. ","Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді. ","Әлде кім тазарса,ол кұтылады. ","Ол,Раббының атын еске алып,намаз оқыды.(Бұл,айт намазыүБ.Ж.М) ","Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер. ","Ақирет хайырлы да тұрақты. ","Негізінн бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар; ","Ыбырайым,Мұса (Ғ.С) лардың нұсқаларында. ","(Мұхаммед Ғ.С әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме? ","Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады. ","Қатты қиналған шаршаған болады. ","Жанып тұрған отқа тасталады. ","Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі. ","Олардың ашы,сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.","Ол семіртпейді де аштықты баспайды. ","Ол күні,кейбір жүздер шаттықта,","Ғамалдарына разы, ","Көтеріңкі баұшада; ","Ол арада бір бос сөз естімейді.","Онда аққан бір бұлақ бар. ","Онда биік дивандар бар. ","Қойылған кіселер бар. ","Тізілген жатықтар бар. ",") Төселген төсеніштер бар. ","Олар,түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған? ","Олар,аспанға қарамай ма,қайтіп көтерілген?","Олар,тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген? ","Олар,жерге қамамай ма,қайтып төселген?","(Мұхаммед Ғ.С) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың.","Сен оларды зорлаушы емессің. ","Бірақ әлде кім бет бұрса,қарсы келсе; ","Сонда Алла,оны зор азаппен қинайды. ","Расында олардың қайтар жері Біз жақ. ","Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән. ","Ағарған таңға, ","Он күн кешіне, ","Әр жұп пен таққа, ","Өткен түнге серт.","Бұлар,ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма? ","(Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдіңбе? ","Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы; ","Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді. ","Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліні (не істегенін.7С.74А.,15С.72А., 26С.149А.) ","Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін. (28С.12А) ","Сондай олар,мемлекеттерде шектен шыққан еді. ","Сонда олар,ол жерде бұзақылықты көбейткен еді. ","Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқа ұшыратты) ","Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы. ","Ал енді адамзат,қашан Раббы оны сынай сыйлап,игілікке бөлесе : «Раббым мені сыйлады» дейді. ","Қашан оны сынап,несбесін тарайтса: «Раммым мені қорлады» дейді.","Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер.","Бір-біріңді,міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар. ","Мирасты тұтас жеп аласыңдар. ","Сондай ақ малды өте мөте жақсы көресіңдер. ","Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте, ","Раббың келіп,періштелер сап сап болған кезде ","Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?","Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді» дейді. ","Сонда,сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды.","Сондайақ ешкім Оның матауын матай алмайды.","Әй орныққан нәпсі! ","Раббыңа,Ол сенен,сен Одан разы болған түрде қайт! ","Енді құлдарымның арасына кір!  ","Сондайақ жаннатыма кір! ","Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін; ","(Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың. ","Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт! ","Расында адамзатты әбігер жараттық. ","Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? ","«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді. ","Оны біреу көрмеді дей ойлай ма? ","Оған екі көз жаратпадық па? ","Әрі бір тіл,екі ерін ? ","Оған екі жол көрсетпедік пе? ","Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады. ","Кедергінің не екенін қайдан білесің? ","Ол;құл азат ету, ","Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;","Жақындағы болған бір жетімді, ","Немесе шаң топырақтағы сорлыны.","Сосын иман келтіріп,бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу. ","Міне осылар; оңшылдар. ","Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар.","Олар тозаққа қамалады. ","Күнге және оның жарығына, ","Ай,күнге ерген сәтте, ","Жарқыраған сәтте күндізге, ","Күнідізді жапқан кезде түнге. ","Аспанға және оны жасағанға, ","Жерге және оны жайғанға,","Кісіге және оны толықтағанға, ","Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А)","Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; ","Әлде кім оны кірлетсе қор болды. ","Сәмүдтің азғындары өтіріксінді. ","Оның ең жауызы қарсы шыққанда,","Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді. ","Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды. ","Алла,оның соңынан қорықпайды. ","Қараңғылығы басқан сәтте,түнге, ","Жарқыраған сәтте күндізге, ","Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт. ","Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі. ","Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса, ","Жақсылықты дұрыс деп білсе; ","Сонда оның жолын оңайластырамыз.","Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе, ","Жақсылықты жасынға шығарса; ","Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз. ","(Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді. ","Негізінде тура жол көрсету бізге тән.","Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі. ","Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.","Оған жауыздар ғана кіреді. ","Сондай өтірік деп жалтарғандар.","Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады. ","Сондай малын сарып қылып тазарғандар. ","Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес) ","Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді. ","Сондай ақ ол,таяуда разы болады. ","Сәске уақтына, ","Тым-тырыс түнге ант. ","Раббың сені тастамады да кейімеді. ","Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы. ","Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың.","Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? ","Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма ?","Сені кедей көріп,байытпады ма? ","Ендеше жетімді қорлама, ","Сұраушыны зекіме. ","Раббыңның нығметін білдір. ","(Мұхаммед Ғ.С) көңіліңді ашпадық па? ","Жүгіңді түсірмедік пе? ","Сондай беліңді қайыстырған,","Сенің абыройыңды көтермедік пе? ","Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.","Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар. ","Раббыңа қарай ұмтыл.","Раббыңа ғана бел байла. ","Інжірге және зәйтінге, ","Тұр Сина тауына, ","Осы бейбіт қалаға серт. ","Расында адамзатты көркем байнеде жараттық.","Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық. ","Бірақ иман келтіріп,ізгі іс істегендер басқа.Оларға таусылмас сыйлық бар. ","(Адам баласы!)Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не?","Алла,үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе? ","Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! ","Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.","Оқы!Ол Раббың аса ардақты. ","Сондай қаламмен үйреткен. ","Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен. ","Сөз жоқ,адам баласы әрине азады; ","Ол,өзін мұңсыз көргендіктен. ","Шын мәнінде қайту Раббың жақ. ","Көрдің бе,сондай тыйым салғанды; ","Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р) ","Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да, ","Немесе тақуалықты бұйырған болса да. ","Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса? ","Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме?","Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз; ","Өтірікші,күнәкардың кекілінен. ","Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын. ","Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.","Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында! ","Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. ","(Мұхаммед Ғ.С) Қадыр түнінің не екенін білесің бе?","Қадыр түні мың айдан хайырлы. ","Періштелер және Жеберейіл (Ғ.С) ол кеште Раббыларының рұхсаты бойынша барлық іс үшін түседі. ","Ол бейбітшілік кеші,таң рауандағанға дейін жалғасады.(Қадыр кеші :Рамазан айының кеші.(2-С.185-А) Б.К.Р.Х.Т) ","Кітап иелерінен,мүшіріктерден қарсы шыққандар,өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді. ","(Ал бұл дәлел) таптаза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді.) ","Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар.","Дегенмен өздеріне Кітап берілгендер,мүшіріктердер,оларға ашық дәліл келгеннен кейін ақ бөлінді. "," Олар;Ғибадатты нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары,намаз оқулары, зекет береулері үшін әмір етілген.Міне осы,тұптура дін. ","Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүде тозақ отында қалады.Міне солар,жаратылғандардың жауызы. ","Күдіксіз сондай иман келтіріп,түзу іс істегендер; міне солар,жаратылғандардың жақсысы. "," Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады.Алла олардан разы, олар Алладар разы.Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін. ","Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте, ","Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде,(Қазыналар,өліктер) ","Адам баласы: «Бұған не болды?»,деген сәтте; ","Ол күні жер,уақиғасын түсіндіреді;","Раббыңның оған білдіруімен. ","Сол күні,адам баласы,ғамалдыры көрсетілуі үшін топ топ келеді.","Сонда кім тазаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса,ол оны көреді. ","Ал және кім тозаңның түйіріні салмағындай жамандық істесе,оны көреді. ","Қатты ентігіп,шапқан. ","(Тұяғынан) от шығарған, ","Таң сәріден шабуыл жасаған, ","Тозаңдатып,шаңдатқан; ","Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт. ","Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.(Қанағатсыз) ","Өйткені ол,өзі де оған куә. ","Сондай ақ ол,байлықты өте жақсы көреді. ","Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде.","Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте; ","Ол күні Раббылары толық хабар алушы. ","Зор уақиға, ","Ол зор уақиға не нәрсе? ","Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе? ","Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(54-С.7-А) ","Таулар түтілген жүндей болады.","Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, ","Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.","Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, ","Онда оның орны «һауя» болады. ","Ол һауяның не екенін білесің бе? ","Ол,жалындаған от. ","Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. ","Тіпті Қабырларыңа барғандарыңадейін.(Өлгендердіңе дейін.Б.М.) ","Жоқ олай емес.Тез білесіңдер. ","Тағы олай емес.Жуырда білесіңдер. ","Жоқ олай емес.Анық білген боласыңдар; ","Әлбетте тозақты көресіңдер. ","Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер. ","Сол күні,(Дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар. ","Заманға серт. ","Негізінен адам баласы зиянда. ","Бірақ сондай иман келтіріп,ізгі іс істегендер,бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.","Бүкіл қорлаушы,өсекшіге нендей өкініш! ","Сондай мал жиып,оны санағандарға. ","Негізінен малы,өзін мәңгі жасатады деп ойлайды.","Олай емес,әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады.","«Хұтаманың не екенін қайдан білесің?» ","Ол,Алланың жағылған оты, ","Сондай жүректерді шалатын. ","Расында олар,ол отқа қамалады, ","Ұзын діңгектерге байланады.","(Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?","Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?","Оларға топ-топ құс жіберді. ","Құстар,оларға балшықтан жасалған тастар атып; ","Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды. ","Құрайштың бейбітшілігі үшін, ","Олардың қысы жазы көшу бейбітшілігі, ","Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын. ","Ол,Оларды аштықтан тамақтандырып, хауіп қатерден аман қылған.","(Мұхаммед Ғ.С) сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? ","Міне сол жетімді қақпайлағанды,","Міскінде тамақтандыруға қызықтырмайды. ","Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! ","Олар,намаздарын немқұрайды оқиды.(4-С.142-А) ","Олар көрсету үшін оқиды. ","Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады. (Ыдыс аяқ,аспап,т.б сияқты.Ж.М.Р)","(Мұхаммед Ғ.С) шын мәнінде саған кәусәрді бердік.(Кәусәр:Жаннатта бір көл немесе Құран,шапағат  Т.Б.лар. Б.Ж.М.) ","Сондықтан раббың үшін намаз оқы,құрбан шал. ","Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.(Мұхаммедтің ұлы жоқ,деп кемітеді екен. Ж.М.К.)  ","(Құрайш кәрірлері: «Әй Мұхаммед! Бір жыл Аллаға,бір жыл бұтқа табынайық» десті. Б.Ж.М.Х.Т) (Мұхаммед Ғ.С) : «Әй Кәпірлер!» ","«Сендердің табынғандарыңа табынбаймын;»","«Әрі сендер де менің құлшышлық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар.»","«Сірә мен седердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін» ","«Сондай ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма,құлшылық қылушы емессіңдер.» ","«Сендердің діндерің өздеріңе менің дінім өзіме тән» де. ","(Мұхаммед Ғ.С) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде; ","Адамдарың,Алланың дініне топ-тобімен кіргенін көресің.","Енді Раббыңды мақтай дәріптеп,Одан жарылқау тіле.Негізінен Алла,тәубені өте қабыл етуші. ","Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын!Құрыды да. ","Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. ","Ол,жалындаған отқа кіреді. ","Әйелі, отын көтеріп кіреді. ","Оның мойнында есілген арқан болады.","(Мұхаммед Ғ.С оларға) айт: Ол Алла,біреу-ақ. ","Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұхтаз) ","Ол,тумады да туылмады. ","Әрі оған ешкім тең емес. ","(Мұхаммед Ғ.С): «Таңның Раббыға сиынамын,» ","«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,» ","«Қараңғылық басқан сәтте,түннің кесірінен,» ","«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,» ","«Күншілдердің кесірінен,ол күндеген сәтте (сиынамын)» де. ","(Мұхаммед Ғ.С): «Адамдардың Раббына,» ","«Адамдардың иесіне,» ","«Адамдардың иесіне,» ","«Сыбырлап азғырушының кесірінен,» ","«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»","«Мейлі жыннан,мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де. "]