["Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді. ","Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой. ","Олар, ақиретке сенбегендердің көңілдері оған ауып разы болсын да, істеген күнәларын істей берсін (деп күңкілдедйді). ","(Мұхаммед Ғ.С.): «Ол, сендерге егжей- тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?»,- (де) Және сондай Кітап бергендеріміз, о (Құран) ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма. ","Раббыңның сөзі (Құран) шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші. ","Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сені Алланың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды. ","Күдіксіз Раббың жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол, тура жолдағыларды да әбден біледі. ","Ендеше, Алланың аяттарына сенуші болсаңдар Алланың аты айтылғаннан жеңдер. (Бауыздалғанда Алланың аты айтылған Хайуандарды жеңдер.) ","Аллланың аты айтылғанды жемейтін сендерге не болды? Өте шарасыз болмағанда сендерге арам етілген нәрселерді ашық білдірген. Олардың көбі білместіктен ойша адастырады. Күдіксіз Раббың Ол, шектен шығушыларды жақсы біледі. ","Күнәнің көрнеуін де көмесін де тастаңдар. Күдіксіз күнә істегендер, істегендері себепті жазаландырады. ","Және оған, Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оны жеу дұрыс емес.) Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыпайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, (Аллаға) шерік қосушылардан боласыңдар. ","Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге, істеген істері әдемі көрсетілді. "," Сөйтіп әр кентте онда алакерлік қылулары үшін оның бұзықтарын бастық қылдық. Олар өздеріне ғана айлакерлік жасағандарын аңғармайды. ","Оларға бір аят келген сәтте: «Алланың елшілеріне берілген сияқты бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз» деген. Алла елшілікті қалай басқаратынын біледі. Қылмыстылар; айлакерліктері себепті Алланың қасында қорлық әрі қатты қинуға душар болады. ","Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды. ","(Мұхаммед Ғ.С.): Міне осы Раббыңның тура жолы. Расында үгіт алатын елге аяттарымызды ашық білдірдік. ","Оларға Раббыларының қасында бейбіттік жұрты бар. Істегендері себепті Алла, олардың досы. ","Оларды тұтас жинаған күні: «Әй жын тобы! Адамдардан (азғырып) көбейтіңдер» (делінелі) Олардың адамдардан болған достары: «Раббымыз! Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді» дейді. (Алла да) : «Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа» дейді. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші. ","Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз. ","«Әй жын мен адмдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?»,- (делінеді) Олар: «Раббымыз! Өзімізге куәміз» дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анык қарсы болғандықтарына айғақ болды. ","Осы (елші жіберілу), Раббың, халқы хабарсыз бір кентті зұлымдықпен жоқ етуші емес. ","Және әркімнің істегеніне қарай дәрежелері бар. Раббың олардың істеген істерінен хабарсыз емес. ","Раббың бай әрі мәрхамет иесі. Қаласа сендерді кетіреді де, сендерді басқа қауымның ұрпағынан жаратқанындай сендерден кейін қалағанын орындарыңа келтіреді. ","Күдіксіз сендерге етілген уәде (қиямет) әлбетте келеді. Сендер тоса алмайсыңдар. ","(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй елім! Шамадарыңша істеңдер. Әрине мен де істеушімін. Соңғы жұрт кімдік іболады? Тез білесіңдер. Расында зұлымдар құтылмайды» де. ","Олар Алла жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өз ойдарынша: «Бұл Алланікі, бұл ортақтарымыздікі» деді. Сонда ортақтарынікі ортақтарына жетеді. Олар нендей жаман үкім береді. ","(Жаһилиет заманында кәпірлер егіннен, малдан Аллаға да, бұтқа да арнап сыбаға айырып, кейде Алла бай деп, Оған арналғанды бұтқа ауыстырып, бұтқа арналғанды Аллаға ауыстырмайтын болған.) Сол сияқты ортақтары, мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтіруді әдемі көрсетті. Егер Алла қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді оларды жасандылары бойынша қойып қой. "," Олар оларынша: «Бұл малдар мен егіндер арам. Біздің қалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары(Мініске, жүкке) арам етілген» деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атын айтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады. ","Және олар: «Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса) ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам» деп, егер өлі шықса онда олар ортак. Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі, толық білуші","Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды. ","Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зейтін және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді. ","Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге Алланың ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер.Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан. ","(Жаһилиет дәурінде араптар малдардың кейде еркегін, кейде ұрғашысын, кейде іштегі тумасын ойша арам еткен екен.) Ол сегіз түр жаратты. (Еркек, ұрғашы) қойдан екеу, ешкіден екеу. (Мұхаммед Ғ.С.): «Алла екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Егер сөздерің шын болса маған біліп түсіндіріңдер» де. ","Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. «Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?»,- де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін Алла өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла, залым елді тура жолға салмайды. ","(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шыкпай шарсыз қалса, (жеуіне болады.) Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де. ","Және Яһудилерге барлық тырнақты хайуанды арам қылдық. Әрі оларға сиыр, қойдың майларын да арам қылдық. Бірақ қыртыс майларымен шажырқай және жілік майларын арам қылмадық. Осылайша олардың шектен шығулары себепті жазаландырдық. Расында турасын айтушымыз. ","(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, (оларға): «Раббыларың мәрхамет иесі және Оның бейнеті күнәкар қауымнан қайтарылмайды» де. ","Аллаға шерік қатқандар: «Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да шерік қатпас едік әрі еш нәрсені арам қылмас едік.» дейді. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін жасынға шығарған. (Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де өтірік айтасыңдар» де. ","«Жеттік дәлел Алланікі, егер қаласа сендерді түгел тура жолға салар еді» де. ","(Оларға): «Расында Алла осыны арам қылды деп, айғақ болатын айғақтарыңды келтіріңдер» де. Егер олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме де аяттарымызды жасынға шығарып, ахиретке сенбегендердің әуесіне еліктеме. Олар, Раббыларына теңдес қосады. ","(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер » (де) (Өлтірілуге тиісті болғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі бола тұрып зина қылғандар.» ","Жетімнің малыңа жақындамаңдар; бірақ ол, есейгенге дейін жақсы басқаруға болады. Өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар. Біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар. Және Алланың уәдесін орындаңдар. Осыларды Алла нұсқады. Түсінерсіңдер. ","Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерге ослыарды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар. ","Сонан соң Мұса (Ғ.С.) ға игілік істегенге; толық, әр нәрсені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. Олар Раббыларына жолығуға иман келтірер. ","Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер. ","«Шынайы түрде бізден бұрыңғы (Яһуди, Христиан) екі топқа Кітап түсірілді де біз олардың оқығандарынан мүлде хабарсызбыз» дерсіңдер (деп.) "," Немесе: «Бізге Кітап түсірілсе, олардан көрі тағы тура жолда болар едік» дерсіңдер деп. Расында сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді. Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүз бұрғаннан кім залымырақ? Аяттарымыздан бас тартқандарды бас тартулары себепті жаман қмнаумен жазалаймыз. "," Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір хайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Күтіңдер, шәксіз күтеміз» де. ","Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді. "," Кім бір жақсылық келтірсе, оғансондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды. ","«Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» де. ","«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де. ","«Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын» де. ","«Ол әр нәрсенің Раббы бола тұра Алладан басқа раб іздейін бе? Әрбіреудің істегені өзіне тән. біреудің күнәсын біреу көтермейді. Сонан соң қайтар жерлерің Раббыларың. Сонда қайшылықта болған нәрселеріңді білдіреді» де"," Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нәрселерде, сынау үшін дәрежелерде біріңді- біріңнен жоғары көтерді. Күдіксіз Раббың, жедел жаза беруші және шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді. ","Әлиф Ләм Мим Сад","(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдік болмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін. ","Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар! ","Қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп немесе түскі дем алыста келді. ","Оларға азабымыз келген сәтте: «Біз рас залымдар болдық» деп қана айғайлау болды. ","Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әрі елшілерді де сұраққа тартамыз. "," Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырын емеспіз. ","Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар. ","Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды. ","Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер. ","Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылындар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады. ","(Алла Ібіліске): «Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді. ","(Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді","(Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер» деді. ","(Алла): « Шынында мұрса берілгендерденсің» деді. ","(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді. ","«Сонан соң оларға алды- артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден тапапйсың» деді. ","(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» деді. ","(Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда злымдардан боласыңдар» ","Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді. ","Және: «Шынында мен екеуіді үгіттеушілерденмін» деп, ант ішті. ","Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Кеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады. ","(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді. ","(Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар» деді. ","«Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Және ол жерден қайта шығарыласыңдар» деді. ","Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік- бұйым түсірдік. (Жараттық) Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер. "," Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық. ","Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Алла бұйырды» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында Алла арсыздыққа бұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?»,- де. ","(Мұхаммед Ғ.С.): «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар» де. ","(Алла, адам баласы ның) бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды.Өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды дос тұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есптеді. ","(Жаһилиет дәуірінде, араптар, Кағбаны жалаңаш айналып, және ет, май жемеген.) Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар. (Киініңдер) Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді. ","(Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қиямет күні мүміндерге ғана» де. Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз. ","«Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, Оның көрнеу, көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды» де (Мұхаммед Ғ.С.). ","Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерлемейді. ","Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе, оларға бір қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды. ","Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зор санағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар. ","Алланы өтірік қаралаған немесе Оның аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Олар Кітаптағы тиесілеріне қауышады. Ақыр елшілеріміз олардың жандарын алуға келіп: «Алладан өзге сиынатындарың қайда?»,- дегенде: «Олар бізден ғайып болды» деп, өздерінің қарсы болғандықтарына өздері айғақ болды. ","(Алла қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер» дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары, алдындағыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер» дейді. (Алла): «Әркімге екі есе азап бар. Бірақ сендер білмейсіңдер» дейді. ","Және олардың алдынғылары, артқыларына: «Сендердің бізге бір артықшыларың жоқ. Ендеше істегендеріңнің азабын татыңдар» дейді. "," Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды.. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз. ","Оларға жаһаннамда төсек және үстерінде жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз. ","Және иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар жаннаттық. Олар онда мәңгі қалушы. ","Олардың көңілдерінен кірбеңдікті шығарамыз, астарынан өзендер ағады. Олар: «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді » дейді. Және оларға: «Міне ғамалдарың себепті мұрагері болған ұжмақтарың осы» делінген түрде дабысталады. ","Ұжмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды. ","Олар, Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ахиретке де қарсы болушылар. ","(Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен таныйтын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіңдер. ","Қашан олардың көздері тозақтыктар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!»,- дейді ","Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?»,- деп айғайлайды. ","(Оларға ұжмақтағыларды көрсетіп:) “Бұларға Алланың рахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес пе? Ұжмаққа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар” (делінеді) ","Тозақтағылар, ұжмақтағыларға: “бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуінде кәпірлерге арам еткен” дейді. ","Олар, діндерін оын- сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей бүгін. Біз оларды ұмытамыз. ","Расында Біз оларға, иман келтірген қауым үшін тура жол мәрхамет түрінде бір Кітап түсіріп, оны білім жолымен айырып түсіндірдік. ","Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды. ","Күдіксіз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны көтерілді. Бірін- бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Алла, бүкіл әлемнің Раббы. ","Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді. "," Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар. Және Аллаға хауіп әрі үмітпен жалбарыныңдар. Расында Алланың рахмті жақын. ","Ол сондай Алла рахметінің (жаңбырдың) алдын ала желдерді қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр) бір мемлекетке жіберіп, сонда ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әр түрлі жемістерді шығарамыз. Осылайша өліктерді де тірілтеміз. Әрине үгіттенерсіңдер. ","Жақсы жердің өсімдігі Раббының қалауы бойынша шығады. Сондай құнарсыз жерге аз нәрсе ғана шығады. ( Бұл ықылас пен ықылассыздың мысалы) Осылайша аяттарымызды шүкірлік қылатын елге айырып баян етеміз. ","Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді. "," Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз” деді. ","“Әй елім! Мен де ешбір адасқандық жоқ. Бірак мен әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді. ","“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Және Алладан сендер білмегенді білемін” ","Сақсынып, мәрхаметке бөленулерің үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? ","Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық.Өйткені олар анық көзсіз ел ді. ","Және Ғад еліне туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдар ма?”,- деді. ","Елінің қарсы болған тобы: “Әрине біз сені есуас көреміз. Және сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз” деді. ","“Әй елім! Мен бір ақымақ емеспін. Бірақ әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді. ","“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырамын. Әрі сендерге сенімді бір үгітшімін…” ","Раббыларың тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат елуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артык қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.”","Олар: “Сен бізге жалғыз ғана Аллаға құлшылық қылуымыз және ата- бабаларымыздың табынатындарын тастауымыз үшін келдің бе? Егер рас айтушылардан болсаң, бізді құқайлаған азабынды әкел” деді. ","(Һұд Ғ.С.): “Раббыларың тарапынан азап және ашу тиісті болды. Алла оған ешбір дәлел түсірмеген, аттарын, өздерің және аталарың қойған тәңірлерің жайында менімен талсасыңдар ма? Енді нәтижені күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін” деді. "," Сонда Һұд (Ғ.С.) ты, онымен бірге болғандары мәрхаметімізбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың және сенбегендердің артын үздік. ","  Және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе, сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді. ","(Еске алыңдар! Сол уақытта Ғаддан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер. ","Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?»,- деді. Олар: «Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз» деді. ","Дандайсығандар: «Күдіксіз біз сендер сенген нәрселерге қарсымыз» деді. ","Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықты да: «Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір» деді. ","Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да үйлерінде етпеттеген бойдарында қалды. ","Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсы көрмедіңдер» деді. "," Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді. ","«Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер» ","Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады. ","Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды. ","Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалай болғанын көр! ","Мәдян еліне туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман кетірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы» деді. ","«Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап, қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Және ойлаңдар, сендер аз едіңдер, Алла көбейтті. Және де бұзақылардың соңы қалай болды, қараңдар! » ","«Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп, бір топ сенбесе, Сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкім берушілердің жақсысы» "]