Алланың көркем есімдері

Әл-Жәууәд

Жомарт

الجَوَّادُ

Әл-Жәууәд (Жомарт) — абсолютті болмысқа, кемел сипаттарға және ең көркем есімдерге ие, Өз жомарттығымен барлық жаратылысты қамтып, оларға көрінетін және көрінбейтін игіліктерді артығымен беретін, оларға Өз рақымын мол төгетін, жақсылықтары тоқтамайтын, қазыналары таусылмайтын, жомарттығы барлық істері мен әмірлерінде көрінетін Тұлға.

Бұл есім Құранда аталмайды, Сүннетте кездеседі.

Дәлел: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: Алла жомарт және жомарттықты жақсы көреді. (Ат-Тирмизи)