Әл-Кәрим (Жомарт) — сансыз игіліктер беретін және мол сыйлық жасауды жақсы көретін, барлық абзал қасиеттер мен жоғары сипаттарға ие, барлық істері мен шешімдері көркем әрі мақтауға лайық Тұлға. Ас-Суюти жазады: «Бұл — кешіре алатын болса, кешіретін, уәде берсе, орындайтын, сыйлық берсе, күтуге болатыннан да көп беретін, қанша және кімге беретініне мән бермейтін Тұлға; басқа біреуге өтінішпен жүгінгенде Ол риза болмайды, ал Одан бет бұрса, сөгеді, бірақ шектен шықпайды; Ол Өзінен қорғаныш пен пана іздеген адамды тастамайды және оны құралдар мен араағайындарға мұқтаждықтан құтқарады».
Құранда аталуы: 2 рет.
Туыс түрлері: ٱلْأَكْرَم — 1 рет.
Дәлел: Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? (Сүре 82 «Инфитар», Аят 6)