Әл-Қаһһар (Барлығына Үстем) — абсолютті билікке ие әрі кішіпейілдік пен бағыныштылыққа лайық, басқаларды міндетті түрде Өз еркіне бағындыратын және алдында барлық жаратылыс дәрменсіз болатын Тұлға.
Әл-Халими былай деген: «Ол жаратылысты Өзі қалағандай — ауыртпалықтарымен, қиыншылықтарымен, мұң-қайғыларымен бірге жаратты; біреу өмірінен айырылады, ал біреу аяқ-қолынан айырылады, Оның ойлағанына ешкім кедергі бола алмайды немесе Ол жазған тағдырдан қашып құтыла алмайды».
Құранда аталуы: 6 рет.
Туыс түрлері: ٱلْقَاهِر — 2 рет.
Дәлел: (Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Көктер мен жердің Рабы кім?”, - деп сұра да: “Алла!”, - деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, - де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, - де. Я болмаса, олар; Аллаға, Оның жаратқанындай жарататын; жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем” (Сүре 13 «Рағд», Аят 16)