Әл-Уахид (Жалғыз) — Өзінен басқа ешкім болмаған кезде болған, Өзіне тең де, ұқсас та ешкімі жоқ, кемелдіктің барлық қасиеттеріне жалғыз Өзі ие әрі оларды ешкіммен бөліспейтін, құлшылық пен табынуға жалғыз Өзі лайық Тұлға. Құдай Тағала былай деді: Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол, аса қамқор, ерекше мейірімді. (Сүре 2 «Бақара», Аят 163). Шынайы Құдай тек біреу ғана болуы мүмкін және Оның тең де, ұқсас та ешкімі болмайды.
Құранда аталуы: 22 рет.
Туыс түрлері: ٱلْأَحَد — 1 рет.
Дәлел: (Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Көктер мен жердің Рабы кім?”, - деп сұра да: “Алла!”, - деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, - де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, - де. Я болмаса, олар; Аллаға, Оның жаратқанындай жарататын; жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем” (Сүре 13 «Рағд», Аят 16)