Әл-Азиз (Құдіретті, Ұлы) — күш пен құдіретте Өзіне тең ешкімі жоқ, еркіне қарсы тұру мүмкін емес, жеңуге немесе басым түсуге болмайтын, ұлылық пен даңққа ие Тұлға. Адамдар мен басқа жаратылыстар күшті әрі құдіретті болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттер тек Аллаға ғана өзгермейтін түрде және ең кемел күйде тән.
Құранда аталуы: 88 рет.
Дәлел: Сонау заманда Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді. (Алла): «Маған сенбейсің бе?»,- деді. (Ыбырайым Ғ.С.): «Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын» деді. (Алла Т.): «Құстардан төртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп, (сойып араластыр.)Сонсоң әр атудың басына бір бөлшегін қой да сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Алланың өте үстем хикмет иесі екенін біл» деді. (Ыбырайым Ғ.С.) бұйырылғанды орындады. Алланың әмәрә бойынша құстар тіріліп келді. (Бұлар: Тауыс, кептер, қарға, қораз делінген. Толық мәлімет тәпсірлерде.) (Сүре 2 «Бақара», Аят 260)