Әл-Хақ (Ақиқат) — шынайы бар және ешқандай шартқа тәуелді емес, ақиқатты айтып, ақиқатты әмір ететін, әрбір болмысқа бастау беретін, Онсыз ешнәрсе мүмкін емес әрі ойға келмейтін Тұлға. Әл-Хақ — Тірі әрі Мәңгі Құдай, болмысы қажетті әрі кемел. Шынайылық өз мағынасында тек Оған ғана тән. Ол — Ақиқат, Оның сипаттары, істері мен заңдары — ақиқат. Ол шынайы жаратып, әмір етеді, Ол — бүкіл болмыстың және әрбір ақиқаттың себебі.
Құранда аталуы: 10 рет.
Дәлел: Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы. (Сүре 23 «Мүъминүн», Аят 116)