Әл-Мубин (Айқын, Түсіндіруші) — болмысы айқын, Өзін жаратылыста көрсететін, ақиқатты және құлдарына қажет нәрсенің бәрін түсіндіретін, бәрінен жоғары әрі Өзі жаратқан нәрседен бөлек Тұлға. Бұл есім Алланың даңқы мен құдіретін және біздің Оған айтып жеткізгісіз мұқтаждығымызды айқындайды. Ол Өз ұлылығымен мақтанады және оны жасырмайды, Өз сипаттарынан ұялмайды және оларды түсіндіреді, Өз істерін жасырмайды және оларды құлдарына көрсетеді. Өйткені Оның есімдері мен сипаттары кемшіліктен ада және Ол ең жақсы, ең толық әрі кемел мақтауға лайық.
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі. (Сүре 24 «Нүр», Аят 25)