Әл-Иләһ (Құдай) — кемел сипаттары мен істері арқасында құлшылық пен табынуға лайық Тұлға. Иләһ сөзімен кез келген табыну нысанын атауға болады, бірақ тек Алла ғана құлшылыққа лайық, өйткені Ол абсолютті құдірет пен билікке, шексіз білім мен даналыққа, бәрін қамтитын есту мен көруге, барлығын қамтитын рақым мен игілікке ие.
Құранда аталуы: 147 рет (сөздің барлық түрі, жалған тәңірлер туралы айтылған жерлерді қоса).
Дәлел: Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол, аса қамқор, ерекше мейірімді. (Сүре 2 «Бақара», Аят 163)