Алланың көркем есімдері

Әл-Хакам

Әділ Төреші

الحَكَمُ

Әл-Хакам (Әділ Төреші) — Өз еркін жүзеге асыру үшін абсолютті билікке ие, әділ заңдар шығарып, әділ сот жүргізетін, әмірлері даналыққа толы әрі қысым мен әділетсіздікке ешқандай қатысы жоқ Тұлға. Бұл есімнің мағынасын аша отырып, ас-Саъди былай жазады: «Бұл — құлдарды осы дүниеде де, ақыретте де әділ әрі бейтарап төрелік ететін; ешкімге тіпті бір тозаңның салмағындай да әділетсіздік жасамайтын және адамдарға өзгенің күнәсі үшін жауапкершілік артпайтын; құлдарды тек өздері жасаған қателіктері үшін жазалайтын және құқықтары тартып алынғандарға оларды қайтаратын, құқығы тапталған әрбір адам өзіне тиесілінің бәрін міндетті түрде алатын; шешімдері мен тағдыр белгілеуі әділ Тұлға».

Құранда аталуы: 1 рет.
Туыс түрлері: خَيْر ٱلْحَاكِمِين — 5 рет.

Дәлел: (Мұхаммед Ғ.С.): «Ол, сендерге егжей- тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?»,- (де) Және сондай Кітап бергендеріміз, о (Құран) ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма. (Сүре 6 «Әнғам», Аят 114)