Алланың көркем есімдері

Ас-Самад

Мұқтажсыз

الصَّمَدُ

Ас-Самад (Мұқтажсыз) — өзгеріске ұшырамайтын абсолютті кемелдікке ие, ешкімге де, ешнәрсеге де мұқтаж емес, ал барлық тірі және өлі нәрсе Өзіне мұқтаж болатын, құдайлық болмысы мәңгі әрі бөлінбейтін Тұлға. Бұл көркем есім Оның болмысының жан-жақты кемелдігін — өзгермейтін, бірақ Оның әмірлері мен жаратылыстарында шексіз көрініс табатын кемелдікті айқындайды.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұхтаз) (Сүре 112 «Ихлас», Аят 2)