Әл-Қаййум (Бәрін Ұстап Тұрушы) — мұқтажсыз әрі болмысы Өзінде болған, кемелдігі уақыт өтуімен немесе қандай да бір себептер мен шарттардың әсерімен өзгермейтін, өмірді жаратып, оны демеп тұратын, Оның рұқсатынсыз ешнәрсе мүмкін емес Тұлға. Бұл есім құдайлық істерге байланысты қасиеттерді өз бойына жинақтайды. Ол бәріне үстемдік етіп, бәрін басқарады, шешім қабылдап, Өзінің билік ерік-қалауын жүзеге асырады. Ешбір тірі немесе өлі нәрсе Оның демеуінсіз өмір сүре алмайды, тыныштық пен қозғалыс тек Оның білуімен және рұқсатымен болады.
Құранда аталуы: 3 рет.
Дәлел: Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (Алла тағаланың екі аяғына арналған орын) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор. (Сүре 2 «Бақара», Аят 255)