Әл-Муқаддим (Алға Шығарушы, Жақындатушы) — заттар мен оқиғалардың тәртібін белгілейтін, Өз білімі мен даналығына сүйене отырып, бір жаратылыстарды басқаларынан бұрын жаратып, бір нәрселерді басқаларының алдына қоятын, бір жаратылыстарды басқаларынан жоғары көтеріп, біреулерге басқалардан артықшылық беретін Тұлға. Ол бәріне өлшем белгіледі, Өзіне жақын құлдарын басқа құлдарынан жоғары көтерді және біреулерді басқалардан дәрежесі жағынан жоғары қойды.
Бұл есім Құранда аталмайды, Сүннетте кездеседі.
Дәлел: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: Алға шығарушы Сенсің және артқа қалдырушы Сенсің. (Бұхари, Муслим)