Әл-Халиқ (Жаратушы) — бұрыннан бар нәрседен өзгеше, түбегейлі жаңаны жаратушы Тұлға. Бұл есім жаратудың алдында тағдыр белгілеу болатынын білдіреді, яғни Алла алдымен Өзінің кемел білімі мен даналығына сүйеніп, бәріне өлшем белгілейді, содан кейін барып Өзінің мінсіз жоспарын жүзеге асырып, жаратады.
Құранда аталуы: 11 рет.
Туыс түрлері: ٱلْخَلَّاق — 2 рет.
Дәлел: Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 24)