Әл-Халлақ (Көп Жаратушы) — көп әрі алуан түрлі жаратып, қалаған нәрсесін қалағанындай жаратушы Тұлға. Құдай Тағала былай деді: Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші. (Сүре 15 «Хиҗр», Аят 86), яғни Оның қалаған нәрсесін жаратуына ештеңе кедергі бола алмайды және Ол мұны қалай істеу керектігін әрі ойлағанын қалай жүзеге асыруды біледі.
Құранда аталуы: 2 рет.
Туыс түрлері: ٱلْخَالِق — 11 рет.
Дәлел: Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші. (Сүре 36 «Йасин», Аят 81)