Ас-Саййид (Ие) — бүкіл болмысты иеленіп, басқаратын, ең асыл сипаттарға ие әрі Өз жаратылысына қамқорлық жасайтын, басқа бәрінен соншалықты жоғары, Оның ұлылығына құлдары жете алмайтын Тұлға.
Бұл есім Құранда аталмайды, Сүннетте кездеседі.
Дәлел: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: Мырза (Ас-Саййид) — Алла. (Әбу Дәуд, Ахмад)