Әл-Мәлик (Патша, Әмірші) — көктер мен жерде толық билікке ие, билігін жүзеге асыру үшін көмекшілерге мұқтаж емес, бұйрықтарына дау айтылмайтын және еркіне қарсы тұру мүмкін емес Тұлға. Ол Өз жаратылыстары үстінен шексіз билікке ие және олардан бағыныштылық пен кішіпейілдікті талап етеді. Ол олардың тағдырын қалауынша шешеді, қалағанын көтеріп, қалағанын қор етеді. Ол Өз жаратылыстарына мұқтаж емес, олардың көтерілуі Оған ұлылық қоспайды, ал олардың қорлануы Оның даңқы мен құдіретін кемітпейді.
Құранда аталуы: 5 рет.
Туыс түрлері: ٱلْمَلِيك — 1 рет, مَالِك — 2 рет.
Дәлел: Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 23)