Алланың көркем есімдері

Әл-Азым

Ұлы

العَظِیمُ

Әл-Азым (Ұлы) — шынайы әрі шексіз ұлылыққа ие, Өзі үшін мүлдем мүмкін емес ештеңе жоқ, сипаттары мен істері ұлы әрі мадақталып, ұлықталуға лайық Тұлға. Олар өз ұлылығында түсініксіз әрі түсініксіздігінде ұлы, адам оларды қалай елестетсе де, олар бәрібір оның түсінігінен жоғары.

Құранда аталуы: 6 рет.

Дәлел: Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (Алла тағаланың екі аяғына арналған орын) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор. (Сүре 2 «Бақара», Аят 255)