Әл-Хамид (Мақтауға Лайық, Аса Даңқты) — болмысының, сипаттарының және істерінің кемелдігі үшін барлық мақтауға лайық, даңқы көктерді, жерді және олардың арасындағының бәрін толтыратын, барлық тірі және өлі нәрсе мадақтайтын Тұлға. Әл-Хаттаби былай деген: «Әл-Хамид — мадақталатын және Өз істері үшін мақтауға лайық Тұлға. Оны қуанышта да, қайғыда да, мұқтаждықта да, молшылықта да мадақтау керек, өйткені Ол дана, қателік жасамайды және ешнәрсені назардан тыс қалдырмайды. Оны кез келген жағдайда мадақтау керек».
Құранда аталуы: 17 рет.
Дәлел: (Пеіштелер оған): “Сен Алланың әміріне таңғаласың ба? Алланың мәрхаматымен молшылығы сендерге болсын. (Әй Ыбырайым) семьясы Шынында Алла мақтауға лайық, аса жоғары.” (Сүре 11 «Һүд», Аят 73)