Әл-Әли (Жоғары) — ең жоғары сипаттарға ие, кез келген кемшіліктен жоғары, Өз жаратылысынан және Өзін қамтудың кез келген мүмкіндігінен биік Тұлға. Алланың болмысы мен сипаттары биік, өйткені Ол шын мәнінде ұлы әрі аса даңқты. Оның құдіреті мен билігіне ештеңе қауіп төндірмейді, ешкім онымен ұлылықта бәсекелесе алмайды, тек Ол ғана жаратылыстардан жоғары тұруға, Өзінің ұлылығымен мақтануға және артықшылығымен мерейленуге хақылы. Ол кішіпейілдік танытқандарды көтереді, ал менмендік етіп, әділетсіздік жасағандарды қор етеді.
Құранда аталуы: 8 рет.
Туыс түрлері: ٱلْأَعْلَى — 2 рет, ٱلْمُتَعَال — 1 рет.
Дәлел: Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (Алла тағаланың екі аяғына арналған орын) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор. (Сүре 2 «Бақара», Аят 255)