Алланың көркем есімдері

Әл-Кәбир

Ұлы, Аса Ұлы

الكَبِیرُ

Әл-Кәбир (Ұлы, Аса Ұлы) — Өзінің болмысымен, сипаттарымен, істерімен және мәртебесімен ұлы әрі ұлылығымен мүлдем бәрінен асып түсетін Тұлға. Әл-Азым және Әл-Кәбир есімдері мағынасы жағынан жақын, бірақ біріншісі Раббы мен Оның сипаттарының ұлылығын және Оның жоғары мәртебесін білдірсе, Әл-Кәбир есімінде ешкім Аллаға ұлылықта бәсекелес бола алмайтынына екпін түседі.

Құранда аталуы: 6 рет.

Дәлел: (Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары. (Сүре 13 «Рағд», Аят 9)