Әл-Әууәл (Бірінші) — Өзінен басқа ештеңе болмаған кезде болған Тұлға. Бұл мағынаны Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Йеменнен келген адамдар одан әлемнің басталуы туралы сұрағанда көрсетті. Ол былай деді: «Әуелі Алла болды және Одан басқа ештеңе болмады, Оның Аршы су үстінде еді, Ол Кітапқа бәрін жазды және көктер мен жерді жаратты» [Бұхари 3191].
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші. (Сүре 57 «Хәдид», Аят 3)