Алланың көркем есімдері

Аз-Заһир

Ең Жоғары, Айқын

الظَاهِرُ

Аз-Заһир (Ең Жоғары, Айқын) — басқа бәрінен жоғары, әрдайым үстем түсетін және ең асыл сипаттарға ие, болмысы мен кемелдігі әрбір ақылды адамға айқын Тұлға. Алла мінсіз сипаттары мен дана істерімен барлық жаратылыстан жоғары. Біз олардың табиғатын түсінуге қабілетсізбіз, бірақ олар айқын әрі іс жүзінде барлық нәрседе көрінеді.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші. (Сүре 57 «Хәдид», Аят 3)