Әл-Батин (Ең Жақын, Жасырын) — осы дүниеде жаратылыстардың көзінен жасырын және мәңгілік әлемде көздер Оны қамти алмайтын, Өз жаратылыстарына бәрінен жақын әрі олардың ең терең сырларын білетін, оларды іштей демеп, олар тіпті күдіктенбейтін игіліктер беретін Тұлға.
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші. (Сүре 57 «Хәдид», Аят 3)