Әл-Хабир (Бәрінен Хабардар) — Өз патшалығында тыныштықта тұрған немесе қозғалған нәрсенің бәрін білетін, құлдарының барлық жасырын ойлары, ниеттері мен істері Өзіне мәлім, алдында жасырын мен ашықтың бәрі бірдей ашық әрі жалаңаш тұратын Тұлға. Бұл есім мағынасы жағынан Әл-Алим (Бәрін Білуші) көркем есіміне жақын, бірақ соңғысы Құдайдың жалпы бәрін білетінін білдірсе, Әл-Хабир есімінде жасырын нәрсені, заттардың мәні мен табиғатын, адамдардың ниеттері мен ішкі қасиеттерін білуге екпін түседі.
Құранда аталуы: 45 рет.
Дәлел: Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойган сәтте, Алла оны Пайғамбарга білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: «Бұны саған кім білдірді?»,- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): «Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді» деді. (Сүре 66 «Тахрим», Аят 3)