Әл-Ахир (Соңғы) — болмысының соңы жоқ және Өзінен кейін ештеңе бола алмайтын Тұлға. Әл-Әууәл көркем есімі бүкіл болмыстың Алла тарапынан ойластырылып, жаратылғанын білдірсе, Әл-Ахир есімі бәрінің Оған қайтатынын және Оның еркіне тәуелді екенін еске салады. Бұл туралы Құранда айтылғандай: Ол, көктер мен жердегі нәрселер өзіне тән Алланың жолы. Сақ болыңдар! Істер Аллаға қайтады. (Сүре 42 «Шура», Аят 53).
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші. (Сүре 57 «Хәдид», Аят 3)