Алланың көркем есімдері

Аш-Шәкур

Алғысқа Лайық, Ризашылық Танытушы

الشَّكُورُ

Аш-Шәкур (Алғысқа Лайық, Ризашылық Танытушы) — құлдарының жақсылықтарын қабыл етіп, ол үшін оларға алғыс айтатын, тіпті аз алғысқа да қанағат етіп, мол әрі есепсіз сыйлық беретін, жаратылыстардың өздеріндегі барлық игілік үшін шексіз алғысына лайық Тұлға.

Құранда аталуы: 4 рет.
Туыс түрлері: ٱلشَّاكِر — 2 рет.

Дәлел: Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар, 57-С. 11-А.) оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ. (Сүре 64 «Тағабүн», Аят 17)