Алланың көркем есімдері

Әл-Хәлим

Ұстамды, Шыдамды

الحَلِیمُ

Әл-Хәлим (Ұстамды, Шыдамды) — күнәһарлар мен бағынбаушыларды жазалауға мүмкіндігі бола тұра, асықпайтын, әлемдерді жұмсақ әрі кеңпейілдікпен басқаратын, тіпті күнәһарларға да игіліктер беріп, олар тәубе етіп, түзелуі үшін мұрсат беретін Тұлға. Ас-Саъди жазады: «Әл-Хәлим — жаратылыстардың бағынбауына және көптеген қателіктеріне қарамастан, оларға көрінетін және көрінбейтін игіліктерді мол беретін Тұлға. Ол күнәһарларды бағынбағаны үшін жазалауға асықпайды және олар өкініп, тура жолға қайтуы үшін мұрсат береді».

Құранда аталуы: 11 рет.

Дәлел: Шын мәнінде (Ұхыт соғысы күні) екі топ кездескен сәтте, сендерден бет бұрғандарды кейбір қылықтарының салдарынан шайтан мүлде тайдыра жаздады. Расында Алла оларды кешірім етті. Шәксіз, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Сүре 3 «Әли Имран», Аят 155)