Аш-Шәкир (Алғыс Айтушы) — Өзіне бағынған құлдарын мақтап, оларды мойынсұнғаны үшін алғыс айтатын, оларды осы дүниеде және мәңгілік өмірде марапаттап, істерін жеңілдетіп, олар туралы жақсы естелік қалдыратын, Өзі мұқтаж емес жақсылықтарды құлдарынан қабыл ететін және Өзінен басқа бәрі пайдаланатын игіліктерді мол шашатын Тұлға. Ол иман келтірген адамды мақтағанда, басқа жаратылыстардың жүректерін оған деген сүйіспеншілікке толтырады, сонда тастар онымен бірге Алланы дәріптей бастайды, ал періштелер мен жануарлар ол үшін кешірім сұрайды, Ол оның атын сақтап, ол туралы жақсы естелік қалдырады. Ал ізгі адамға алғыс айтқанда, тіпті кішкене жақсылық үшін де мол сыйлық береді және есеп талап етпейді.
Құранда аталуы: 2 рет.
Туыс түрлері: ٱلشَّكُور — 4 рет.
Дәлел: Неrізінде «Сафа, Мәруе» Алланың белrілерінен. Сонда кім хаж некесе ғұмра орындаса, оп екеуін де тауап етудіц оқасы жоқ. Кікде - кім артықша бір хайыр істесе, Алла шүкірлікті қадырлаушы, толық білуші. (Сүре 2 «Бақара», Аят 158)