Алланың көркем есімдері

Әл-Жәмил

Көркем, Әдемі

الجَمِيلُ

Әл-Жәмил (Көркем, Әдемі) — Өзінің болмысымен, сипаттарымен және істерімен көркем, ойлағанын әдемі белгілеп, әдемі жүзеге асыратын, жаратылысы кемел, ал әмірлері даналыққа толы Тұлға. Әл-Хаттаби Әл-Жәмил — бәрін әдемі әрі ең жақсы түрде істейтін, нұр мен салтанатқа ие Тұлға екенін айтқан.

Бұл есім Құранда аталмайды, Сүннетте кездеседі.

Дәлел: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: Алла көркем және көркемдікті жақсы көреді. (Муслим)