Әл-Қуддус (Аса Пәк) — кемелдігінде Өзіне тең де, ұқсас та ешкімі жоқ, ешқандай кемшілігі жоқ әрі ұлықтауға және мадақтауға лайық ең кемел, ұлы әрі көркем сипаттарға ие Тұлға. Әл-Ғазали жазады: «Әл-Қуддус — сезім мүшелерімен қабылдауға, қиялмен елестетуге немесе ақылмен түсінуге болатын, санада пайда болуы немесе ой толғаудың нәтижесі болуы мүмкін қасиеттерге ие емес Тұлға».
Құранда аталуы: 2 рет.
Дәлел: Көктердегі және жердегі нәрселер; үкім иесі, өте пәк, тым үстем, хикмет иесі Алланы дәріптейді. (Сүре 62 «Җүмуға», Аят 1)