Әл-Мусаууир (Бейне Беруші) — жаратылыстарды Өзі қалаған бейнеде жаратып, оларға Өзі қалаған сыртқы және ішкі қасиеттерді беретін Тұлға.
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 24)