Әл-Аъла (Аса Жоғары, Ең Жоғары) — бар нәрсенің бәрінен жоғары, жаратылыстан шексіз биік әрі сонымен бірге абсолютті және бәрін қамтитын билікке ие Тұлға. Жаратылыстардың арасында да басқалардан жоғары тұратын, билікке, күшке және білімге ие болатындар бар, бірақ олардың асыл қасиеттері Раббының құдайлық сипаттарымен ешбір салыстыруға келмейді. Ол кез келген салыстырудан жоғары, Оның ұлылығын, құдіретін, күшін елестету де, сөзбен сипаттау да, біліммен қамту да мүмкін емес.
Құранда аталуы: 2 рет.
Туыс түрлері: ٱلْعَلِيّ — 8 рет, ٱلْمُتَعَال — 1 рет.
Дәлел: (Мұхаммед Ғ.С) ұлы Раббыңның атын дәріпте. (Сүре 87 «Әғла», Аят 1)