Алланың көркем есімдері

Әл-Мутакаббир

Аса Ұлы, Мәртебелі

المُتَكَبِّرُ

Әл-Мутакаббир (Аса Ұлы, Мәртебелі) — барлық жаратылыстан ұлы, кез келген кемшіліктен және жаратылыстарға кез келген ұқсастықтан жоғары, ұлылығы барлық сипаттары, істері мен әмірлерінде көрінетін, жаратылған әлемнен мәртебелі түрде жоғары тұратын және онда жоғарылауға тырысқанның бәрін қор ететін Тұлға.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 23)