Әл-Мутаъали (Аса Жоғары) — жаратылыстан жоғары тұратын және бүкіл болмыстан күш-қуаты мен құдіретімен асып түсетін Тұлға. Раббының жоғары сипаттарын білдіретін үш есімнің ішінде әл-Әли есімінің мағынасы ең толық, өйткені бұл сипат құдайлық болмысты сипаттайды, ал Әл-Аъла және әл-Мутаъали есімдері Жаратушының жаратылыстан шексіз артықшылығын білдіреді.
Құранда аталуы: 1 рет.
Туыс түрлері: ٱلْعَلِيّ — 8 рет, ٱلْأَعْلَى — 2 рет.
Дәлел: (Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары. (Сүре 13 «Рағд», Аят 9)