Алланың көркем есімдері

Әл-Афууу

Күнәні Өшіруші, Кешіруші

العَفُوُّ

Әл-Афууу (Күнәні Өшіруші, Кешіруші) — Өз алдында кінәлі болғандарды жазалаудан тартынатын, күнәларды із-түзсіз өшіріп, олардың ауыр салдарынан босататын Тұлға. Әл-Ғазали жазады: «Әл-Афууу — жамандықтарды өшіріп, күнәларды кешіретін Тұлға. Бұл есім Әл-Ғафур есіміне ұқсас, бірақ мазмұны терең, өйткені ғуфран күнәларды жабуды білдіреді, ал афу күнәлардың өшірілетінін білдіреді. Күнәні өшіру — оны жабудан артық».

Құранда аталуы: 5 рет.

Дәлел: Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындасасаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы. (Сүре 4 «Ниса», Аят 43)