Алланың көркем есімдері

Ас-Сәләм

Мінсіз

السَّلاَمُ

Ас-Сәләм (Мінсіз) — кез келген ақаудан, міннен және кемшіліктен ада, құдайлық болмысы, істері мен сипаттары ең жоғары дәрежеде асыл әрі кемел Тұлға. Ас-Сәләм есімі мағынасы жағынан Әл-Қуддус көркем есіміне жақын, егер олар бірге қолданылса, Әл-Қуддус Алланың өткен шақтағы және қазіргі кемелдігін, ал Ас-Сәләм — Оның сипаттары мен істерінің қазіргі және болашақтағы мінсіздігін білдіреді.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 23)