Алланың көркем есімдері

Әл-Мумин

Қорғаушы, Амандық Беруші

المُؤْمِنُ

Әл-Мумин (Қорғаушы, Амандық Беруші) — Ақиқатты айтатын және міндетті түрде орындалатын нәрсені ғана уәде ететін, иман келтірген құлдарының үміті мен күтуін ақтайтын, оларды осы дүниеде азғырулардан және мәңгілік өмірде азаптан сақтайтын Тұлға.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 23)