Әл-Уәли (Қамқоршы, Жақын) — Өз жаратылыстарына қамқорлық жасайтын, оларды ризықпен қамтамасыз етіп, істерін басқаратын, иман келтірген құлдарына жақын әрі оларды жақсы көретін, оларды тура жолмен жетелеп, жауларына қарсы көмектесетін Тұлға. Құдай Тағала былай деді: Я, олар Алладан өзге ие жасап алды ма? Негізінде Алла, өзі ие; Ол өліні тірілтеді. Және Оның әр нәрсеге толық күші жетуші. (Сүре 42 «Шура», Аят 9).
Құранда аталуы: 14 рет.
Туыс түрлері: ٱلْمَوْلَى — 12 рет.
Дәлел: Ол сондай Алла, олар күдер үзгеннен кейін жаңбыр жаудырып, рахметін шашады. Ол мақтаулы ие. (Сүре 42 «Шура», Аят 28)