Әл-Мухаймин (Бақылаушы, Сақтаушы) — жаратылыстарды бақылап, оларды қорғайтын және олардың істерін сақтайтын, сенімге лайық әрі елшілерінің шыншылдығын растайтын Тұлға. Бұл есім Алланың абсолютті билікке және кемел білімге ие екенін әрі Өз жаратылыстарына үздіксіз қамқорлық жасайтынын, ойлаған және тағдырға жазған нәрсесін жүзеге асыруына ештеңе кедергі бола алмайтынын білдіреді.
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (Сүре 59 «Хәшр», Аят 23)