Алланың көркем есімдері

Әл-Алим

Бәрін Білуші

العَلِیمُ

Әл-Алим (Бәрін Білуші) — Өзін де, Өз жаратылысын да ең кемел түрде білетін, қажетті мен кездейсоқты, мүмкін мен мүмкін еместі білетін Тұлға. Ол болғанның, барның және болатынның бәрін, сондай-ақ ешқашан болмайтын нәрсені және оның қандай болуы мүмкін екенін біледі. Құдайлық білім абсолютті әрі мінсіз, ол кез келген білімнің себебі, негізі, бастауы және аяқталуы, Раббы жаратылыстарды жаратып, шешім қабылдағанда соған сүйенеді.

Құранда аталуы: 152 рет.
Туыс түрлері: عَالِم — 15 рет, عَلَّام — 4 рет.

Дәлел: Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп- қатерлі болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады. (Сүре 2 «Бақара», Аят 115)