Алланың көркем есімдері

Әл-Латиф

Нәзік, Мейірбан

اللَّطِیفُ

Әл-Латиф (Нәзік, Мейірбан) — Өз жаратылыстарына мейірбан әрі рақымды, Өз еркін жұмсақ әрі білдірмей жүзеге асыратын, заттар мен құбылыстардың барлық нәзік жақтарын білетін, ал Өзі болмысы мен қасиеттері жағынан түсініксіз болып қалатын Тұлға. Әл-Хаттаби жазады: «Әл-Латиф — Өз құлдарына мейірбан, оларға олар сезбейтіндей қамқорлық жасайтын және оларға күтпеген жерден игіліктер жіберетін Тұлға».

Құранда аталуы: 7 рет.

Дәлел: Көздер Оған жете алмайды. Ол, көздерді көреді. Және Ол, өте жұмсақ, толық білуші. (Сүре 6 «Әнғам», Аят 103)